СКТР-нан понтилерге PKK наразылығы

СКТР Сыртқы істер министрлігі ОКПӘ-де өткен әскери жаттығуға қатысқан терррорист Мавросқа наразылық көрсетті.

1845783
СКТР-нан понтилерге PKK наразылығы

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінде (ОКПӘ) өткен әскери жаттығуға бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның жетекшісі  Абдуллах Өджалан тұтқынға алынар алдында қолданған понти паспортында аты жазылған Лазарас Мавростың қатысуына наразылық көрсетті.

СКТР Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Террорист лидер Абдуллах Өджалан тұтқынға алынған кезде үстіндегі жалған понти төлқұжатында аты жазылған Лазарас Маврос Оңтүстік Кипр понти әкімшілігіндегі әскери жаттығуда еш ойланбастан қолына автомат ұстап шықты» делінді.

Кипр понти тарапының соңғы кезеңде христиандық дін қызметкерлерін де қару-жараққа үйреткені еске салынған мәлімдемеде гректердің арандатушылық әскери іс-шараларындағы бұл әрекетінің қатаң түрде айыпталғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Түркияда жылдар бойы мыңдаған бауырымызды қырған қанды террор ұйымы PKK-ға берілген қолдау Понти тарапының «дұшпанымның дұшпаны маған дос» деген саясатының айқын көрсеткіші. Түркияның ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіруді мақсат еткен және түрік дұшпандығын күшейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігінің бейбіт және тыныш болашақ құру жөніндегі сөздерінің тек шынайы емес мәлімдемелерден тұратыны байқалады» делінді.

Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігінің бұл қайшы ұстанымының аймақтағы тыныштық пен тұрақтылықты бұзып қана қоймайтыны атап көрсетілген мәлімдемеде бұл жағдайдың тараптар арасындағы сенімсіздікті тереңдететініне назар аударылды.

Мәлімдемеде «СКТР аралдағы қауіпсіздіктің жалғыз қорғаушысы Түркияның қолдауымен Кипр түрік халқының саяси құқығы мен мүдделерін қорғауда табанды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар