"Түрікменелі" шейіттер ескерткіші ашылды

Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев «Түркіменелі шейіттер ескерткішінің» ашылуына қатысты.

1856790
"Түрікменелі" шейіттер ескерткіші ашылды
Turkmeneli1.png

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев Бурса қаласында Османгази муниципалитеті дайындаған «Түркіменелі шейіттер ескерткішінің» ашылуына қатысты.

Ескерткіш ашылу салтанатына Османгази ауданының әкімі Мұрат Демир, Әділет және даму партиясының Бурса депутаты Ахмет Кылыч, «Ирак түріктері мәдениеті және ынтымақтастығы» қауымдастығының төрағасы Кемал Бейатлы және «Түркменелі» адам құқықтары қоғамы төрағасы Саваш Авжы қатысты.

Іс-шарада сөз сөйлеген Османгази муниципалитеті басшысы Мұстафа Дүндар “Бурса – бейбітшілік, тыныштық пен қауіпсіздіктің қайнар жері. Османгази муниципалитеті ретінде біз тарихи мұрамызды әр мүмкіндікте қорғаймыз, қаламызды үнемі жаңартып отырамыз” деді.

Шарада Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев қатысушыларды құттықтап, «Түрік әлемі аман, бауырластығымыз берік болсын. Мен сіздерге атажұртымыздан сәлем алып келдім” деді.

Беташар сөздерден кейін барлық қатысушылар ленталарды бірге қиып, ескерткішті ашты. Мәрмәрдан дайындалған, ұзындығы 3 метрдей, 3 бөліктен тұратын, ою-өрнектермен және сөздермен безендірілген ескерткіш келушілердің көңілінен шықты.



Ұқсас жаңалықтар