«Алтай қауымдары-эпос және эпикалық мәдениет» атты кітап таныстырылды

3 томдық еңбек Түріксойдың Бас хатшысы Сұлтан Раев қатысқан жиында таныстырылды.

1856915
«Алтай қауымдары-эпос және эпикалық мәдениет» атты кітап таныстырылды

Түркияның Бурса қаласында орналасқан Османгази муниципалитеті өткен жылы болған 9-шы Халықаралық Алтай қауымдастығы симпозиумында жарияланған мақалаларды кітап қылып жариялады. 2022 жылдың 18 шілдесінде өткен таныстыру жиынында әртүрлі елден келген 90-нан астам ғалымның еңбектері қамтылған «Алтай қауымдары-эпос және эпикалық мәдениет» атты кітап оқырмандар назарына ұсынылды.

Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Жапония, Үндістан, Моңғолия, Испания сияқты елдерден 90-нан астам ғалымның еңбектерінен қалыптасқан 3 томдық «Алтай қауымдары – эпос және эпикалық мәдениет» атты еңбек Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың Бас хатшысы Сұлтан Раев қатысқан жиында таныстырылды.

«Панорама 1326 Бурса» мұражайында өткен таныстыру жиынында сөз сөйлеген Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев 2022 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы - Бурсаның алдағы жылдар бойы тарихи жағынан есте қалатынын атап өтті. Османгази муниципалитетінің басшысы Мұстафа Дүндарға түрік әлеміне қосқан үлесі үшін алғыс білдірген Раев: «Дастандарымыз бүкіл түрік әлемінде ауызша дәстүріміздің ең маңызды жанры. Эпостық дәстүр түрік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Біз Түріксой ретінде қаһармандық хикаяларымызды бүгін жаңғыртып, мәдениетімізді болашаққа жеткізетін эпостарымызды әрқашан қорғаймыз. Осы тұрғыда осы уақытқа дейін біз ондаған шығарманы басып шығардық» деді.

Османгази муниципалитетінің басшысы Мұстафа Дүндар болса Еуразияның қалыптасуында маңызды рөл атқарған Алтай қауымдарының эпостары мен эпикалық мәдениетінің маңыздылығына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар