Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 4-ші консультативтік кездесуі

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара жөніндегі комиссиялардың қызметін жандандыратыны хабарланды.

1857961
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 4-ші консультативтік кездесуі
Orta Asya Cumhurbaşkanları Kırgızistan Isık-Göl 11.jpg
Orta Asya Cumhurbaşkanları Kırgızistan Isık-Göl 13.jpg
Orta Asya Cumhurbaşkanları Kırgızistan Isık-Göl 5.jpg
Orta Asya Cumhurbaşkanları Kırgızistan Isık-Göl 4.jpg
Orta Asya Cumhurbaşkanları Kırgızistan Isık-Göl 2.jpg

Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметаралық ынтымақтастық және шекара жөніндегі комиссиялардың қызметін жандандыратыны хабарланды.

Қырғызстан президенттігінің баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеде президент Садыр Жапаровтың Шолпан-Атада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 4-ші консультативтік кездесуінен кейін Тәжікстан президенті Имамали Рахманмен кездескені хабарланды.

Қырғыз-тәжік екіжақты ынтымақтастығы мен аймақтық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланған кездесуде Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы үкіметаралық ынтымақтастық және шекаралық комиссиялардың қызметін жандандыру туралы келісімге қол жеткізілгені айтылды.

Мәлімдемеге қарағанда, мемлекет басшылары екі мемлекет пен халық арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында тұрақты саяси диалогты қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Жапаров Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен де кездесті.

Түрікменстанды өте маңызды экономикалық серіктес ретінде қабылдайтындарын айтқан Жапаров екі ел арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынастардың кеңеюіне үлкен мән беретіндерін атап көрсетті.

Жапаровқа жылы қабылдауы үшін алғысын білдірген Бердімұхамедов Консультативтік кездесудің Орталық Азия аймағының проблемаларын бағалау үшін жоғары деңгейдегі жаңа байланыс түріне айналғанын атап өтті.

Басқа жақтан Шолпан-Атада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан президенті Имамали Рахман, Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жапаров осында сөйлеген сөзінде Орталық Азия елдерінің халықтары ұзақ уақыт бойы тату-тәтті өмір сүргенін атап өтті.

Консультативтік кездесу Орталық Азия елдерінің бірлігін паш еткенін айтқан Жапаров “Елдерімізді жарқын және гүлденген болашақта ортақ тарих, мәдени ұқсастық және рухани құндылықтар байланыстырады” деді.

Шолпан-Атадағы «Рух Ордо» мәдени орталығында өткен концертте Орталық Азия елдерінің танымал шығармалары орындалды.



Ұқсас жаңалықтар