Садык Ахметтің қаза тапқанына 27 жыл

Батыс Фракия түріктерінің құқығы үшін күрескен Садык Ахмет еске алынуда.

1858755
Садык Ахметтің қаза тапқанына 27 жыл

1995 жылы 24 шілдеде Батыс Фракиядағы азшылықтың құқығын қорғайтын Лозанна келісімінің 73 жылдығында Др. Садык Ахмет күдікті жол апатында қайтыс болған еді. Садык Ахметтің қаза тапқанына 27 жыл толды.

1947 жылы Батыс Фракиядағы Комотини провинциясының Күчүк Сиркели ауылында дүниеге келген Садык Ахмет Анкара мен Салоникиде медициналық білімін алған соң 1978 жылы дәрігер болып отбасына оралды.

1985 жылы Ахмет Батыс Фракия түріктерінің дауысын халықаралық қоғамға танытуға бағытталған петиция бастады және ол науқанға байланысты түрмеге жабылды.

Грекияның азшыл "түрік" болмысын мойындамауы, оның орнына «мұсылман азшылық» анықтамасын қолдануы және он мыңдаған адамның азаматтықтан айырылуы сияқты көптеген мәселелердің шешілуі үшін күрескен Садык Ахмет  1989 жылғы жалпы сайлауда Батыс Фракия түріктерінің дауысымен сайланған тұңғыш тәуелсіз депутат болды. Бірақ бірнеше айдың ішінде депутаттық мандатынан айырылды.

1990 жылы сөйлеген сөзінде азшылдар туралы «түрік» деген сөзді қолданғаны үшін тұтқындалған Ахмет 2 ай түрмеде отырды.

Сол жылы екінші рет депутат болып сайланған Ахмет Батыс Фракия түрік азшылығының құқығын қорғайтын алғашқы және жалғыз саяси партия "Достық, теңдік және бейбітшілік"  партиясын құрды.

Др. Садык Ахмет 1995 жылы 24 шілдеде Батыс Фракиядағы азшылықтың құқығын қорғаған Лозанна келісімінің 73 жылдығында 48 жасында күдікті жол апатынан қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар