СКТР БҰҰ-ның Понтилермен келісіміне наразылық білдірді

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Сыртқы істер министрі TRT-ге мәлімдеме жасады.

1889367
СКТР БҰҰ-ның Понтилермен келісіміне наразылық білдірді

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Сыртқы істер министрі Тахсин Эртуғрулоғлу «Егер Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бейбітшілік күштері бізді құрметтесе, Кипрдің понти тарапының рұқсатымен Солтүстік Кипрде қызмет ете алмайды» деді.

Тахсин Эртуғрулоғлу Түркия телерадио корпорациясына (TRT) мәлімдеме жасады.

Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігімен (ОКПӘ) келісіміне наразылық көрсеткен Ертуғрулоғлу БҰҰ Бейбітшілік күштерінің СКТР аумағында қызметін орындау үшін түрік тарапымен де келісім жасау керектігін баса айтты.

Тахсин Эртуғрулоғлу Түркия телерадио корпорациясына (TRT) мәлімдеме жасады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігімен (ОКПӘ) келісіміне наразылық білдірген Ертуғрулоғлу БҰҰ Бейбітшілік күштерінің СКТР аумағында қызметін орындау үшін түрік тарапымен де келісім жасау керектігін баса айтты.

Келісім жобасын БҰҰ-на жібергендерін айтқан Ертуғрулоғлу СКТР-мен келісімге қол қойылмаса, БҰҰ Бейбітшілік күштерін елден шығару процесінің басталатынын атап көрсетті.

Эртуғрулоғлу «БҰҰ-ға жеткіздік. Біз сізге бір келісім жобасы дайындаймыз, оған бізбен қол қоюыңыз керек. Егер сіз қол қоймасаңыз, СКТР аумағындағы болмысыңыз талқыланады» деді.

СКТР Сыртқы істер министрі «Біріккен Ұлттар Ұйымы бізді құрметтейтін, аралда екі бөлек егемен халықтың, екі бөлек егеменді тең мемлекет бар екенін ескеретін бір ұстаныммен бізді құрметтейтін болса, аталмыш келісімді бізбен жасауы керек. Понтилердің бекітуімен СКТР жерінде қызмет атқара алмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар