"Ұлтымыздың әл-ауқатын арттырудың жолы – бірлігімізді нығайту"

Чавушоғлу Түрік Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің  кезектен тыс отырысында сөз сөйледі.

1893746
"Ұлтымыздың әл-ауқатын арттырудың жолы – бірлігімізді нығайту"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түрік Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің  кезектен тыс отырысында «Өңірімізді тұрақтылық аралына айналдырып, ұлтымыздың әл-ауқатын арттырудың жолы – бірлігімізді нығайту» деді.

Чавушоғлу Стамбулдағы Долмабахче кеңсесінде өткен ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс жиналысының беташарында сөз сөйледі.

11 ай бұрын Стамбулда тарихи қадам жасап, «отбасы жиналысын» халықаралық ұйымға айналдырғандарын атап өткен Чавушоғлу Түрік әлемінің әлеуетін іске асыратын ұйымдық құрылымға қол жеткізгендерін айтты.

Министр Чавушоғлу "Бүгінде Түрік әлемі тарихта болғандай жаһандық геосаясаттың орталығына айналды. Біз шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстікті энергетика, сауда және көлік жолдары бойынша байланыстыратын сыни тұғырда тұрмыз. Әлемнің басынан өтіп жатқан осы қиын кезеңде жаһандық тұрақтылық пен өркендеу үшін Түрік әлемінің маңыздылығы арта түсті» деді.

Ковид-19 індетінің жарасы әлі жазылмай тұрғанда бұл жолы Украинадағы соғыстың әсерімен шайқалғандарын айтқан министр жаһандық тұрақтылық және әл-ауқатқа қауіп төнгенін,  артып отырған энергия және азық-түлік бағасының да әлемге қауіп төндіріп тұрғанын атап көрсетті.

Чавушоғлу түрік әлемінің осы оқиғалардан қиыншылық шеккенін айтып, «Бүгін осы оқиғаларды талқылап, басылатын қадамдарға баға береміз.  Төңірегіміздегі дағдарыстардың алдын алуға тырыса отырып,  бір жағынан болашақ үшін мықты тұжырымдама дайындауымыз керек. Өңірімізді тұрақтылық аралына айналдырып, ұлтымыздың әл-ауқатын арттырудың жолы – бірлігімізді нығайту. Бірлігімізді нығайтудың жолы болса дұрыс уақытта орынды қадамды батылдықпен басу» деді.

Келесі ай Самарқандта Түрік Мемлекеттері Ұйымы саммитінде бас қосатындарын білдірген министр осы саммитте кезекті төрағалықты Өзбекстанға беретіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар