Мұстафа Шентоп СКТР-да

Мұстафа Шентоп Кипрде шешімнің тек екі тең және егемен мемлекетпен мүмкін болатынын айтты.

1906442
Мұстафа Шентоп СКТР-да

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Кипрде шешімнің тек екі тең және егемен мемлекетпен мүмкін болатынын айтты.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) 39 жылдық мерейтойы үшін аралға барған Шентоп «Солтүстік Кипр Түрік Республикасына апаратын жол» атты деректі фильмді таныстыру рәсімінде сөз сөйледі. Шентоп сөзінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасын құру жолында  мемлекет пен халқының бұл күндерге жетуде  қанның, көз жасының, тердің қалай төгілгенін әбден білетіндерін, сондай-ақ жарты ғасырдан астам уақыт бойы теңдік пен әділеттілік үшін күрестің әлі де жалғасып келе жатқанын баяндады.

Бұл үдерісте Түркияның да аралда және  Жерорта теңізінінің шығысында аймақтың тыныштығы мен бейбітшілігі үшін үлкен күш-жігер жұмсағанын еске салған Шентоп Кипр мәселесінде Түркияның сындарлы ұсыныстар әкелу арқылы тұрақтылық пен ынтымақтастыққа көңіл бөлгенін білдірді.

Шентоп бұл тұрғыда Кипр түріктерінің де шешім үшін бар күш-жігерін жұмсағанын және әрқашан күшті ерік-жігер танытқанын айтып, сөзін былай жалғастырды: «Понти әкімшілігінің және  Грекияның қадамы болса бейбітшілік үшін созылған қолды итеріп тастады.  Бұл әрекеті тұрақтылық пен ынтымақтастыққа нұқсан келтірді. Олар теңдік негізіндегі шешімді қабылдамады. Түріктердің құқықтарын елемеді».

Шентоп Кипр түрік халқы шейіттерінің қанымен, жанымен және өмірімен төлеген және әрбір жеке адамның құрбандығымен құрған бұл мемлекетінен ешқашан бас тартпайтынын атап көрсетті.

Мұстафа Шентоп «Осы түйінде мына шындық пен ақиқат баршаға аян.  Кипрдегі шешім тек екі тең және егемен мемлекетпен ғана мүмкін болады. Біз бұл жолдан бас тартпаймыз. Аралдың негізгі иесі саналатын кипрлік түріктердің өз отанында аз сандыларға айналуына ешқашан рұқсат бермейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар