Армения ҰҚШҰ декларациясына қол қоймады

Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

1910518
Армения ҰҚШҰ декларациясына қол қоймады

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан мен Армения арасында қол жеткізілген келісімдер дәйекті түрде орындалатын болса, екі ел арасында бейбіт келісімге қол қоюға болатынын айтты.

Владимир Путин Армения астанасы Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөз сөйледі.

Өткен айдың соңында Сочиде өткен Ресей, Әзербайжан және Армения басшылар саммитіне оң пікір білдірген Путин келіссөздердің болашақта іргелі мәселелерде ортақ пікірге келуге жақсы іргетас болғанын айтты.

Лидерлердің 2020 және 2021 жылдары қабылданған декларацияларды ұстанатынын қайталаған Путин шекараларды анықтау, көлік байланыстарын ашу және гуманитарлық мәселелерді шешу туралы келісімдердің дәйекті түрде орындалуы елдер арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге көмектесетінін атап өтті.

Владимир Путин «Мұның бәрі Баку мен Ереван арасында бейбіт келісімге қол қоюға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деді.

Ал Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжанға қарсы шешімді қамтымаған ҰҚШҰ саммиті декларациясына қол қоймады. Пашинян кездесуде сөйлеген сөзінде Әзербайжан армиясының 2021 жылдың мамырындағы  позициясына оралуы керек екенін алға тартты.

«Армения ҰҚШҰ-ның Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесіне осы әскер әкетуді қамтамасыз ету үшін Әзербайжанмен қажетті саяси және дипломатиялық жұмысты жеделдетуді ұсынады» деді ол.

ҰҚШҰ-ның қорытынды декларациясында Арменияның сезімталдықтарының толық ескерілмегеніне назар аударған Пашинян: «Сондықтан мен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы мен Арменияға көмек көрсету жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы құжат жеткілікті түрде пысықталды деп санамаймын және бұл құжаттарға қол қоюға дайын емеспін» деді.

Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Пашинянның декларацияға қол қоюдан бас тартуына байланысты Арменияның ұйымның бір  мүшесі болып қала беретінін айтты.

Жағдайдың «күрделі» екенін түсіндірген Песков «Барлық мәселе бойынша консенсус болмады және бұл оқиға осы форматтың маңыздылығын тағы бір рет көрсетті» деді.

Екінші жағынан Ресей президенті Путин мен Пашинян саммиттен кейін бас қосты. Пашинян баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде қауіпсіздік саласындағы жағдайға тоқталды.

"Проблемалар көп. Мен олар туралы ҰҚШҰ отырысында айттым. Бұл сіздің қолдауыңызбен  Әзербайжан президентімен (Ильхам Әлиев) қол қойған үшжақты келісімді жүзеге асыруға қатысты мәселелер. Бұл өте маңызды.  Аймақта ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз ететін мәселелерді талқылауымыз керек» деді Пашинян.



Ұқсас жаңалықтар