Түркхан Түрікмен Мәжілісінің төрағасы болды

Мұхаммед Түркхан Сирия Түрікмен Мәжілісінің жаңа төрағасы болып сайланды.

1920070
Түркхан Түрікмен Мәжілісінің төрағасы болды

Мұхаммед Түркхан Сирия Түрікмен Мәжілісінің төрағасы болып сайланды.

Сирия Түрікмен Мәжілісінің 6-шы кезекті Жалпы Кеңес жиналысы өтті.

Чобанбей Өнеркәсіп және сауда палатасында 15 желтоқсанда өткен сайлауға көптеген аймақтардан түрікмендер қатысты. Сайлаудың ашылу жиынына Түркияның ресми өкілдері де қатысты.

Протоколдық баяндамалар мен Сирия Түрікмен Мәжілісінің жарғысының бекітілуінен кейін сайлау өтті.

Мұхамед Түркхан Сирия Түрікмен Мәжілісінің жаңа төрағасы болып сайланды.  

Түркхан өз сөзінде:

«Отанымыз Сирия, Түркия да біздің отанымыз. Біз екі ұлттық сезімді де үлкен абырой және құрметпен алып жүреміз. Тағдырымыз бір, стратегиямыз бір, мақсатымыз бір» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар