Түркия Қырым татарлары жөнінде мәлімдеме жариялады

Түркия Қырымда сотталған 5 Қырым татарын босатуды талап етті.

1931563
Түркия Қырым татарлары жөнінде мәлімдеме жариялады

Түркия Қырымда 13 жылға сотталған 5 Қырым татарын босатуды талап етті.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялады. Мәлімдемеде «Бүгін (кеше) шығарылған шешіммен Қырым татар қандастарымыз Джемиль Гафаров, Сервет Газиев, Ерфан Османов, Әлім Каримов және Сейран Мұртазаның 13 жылға бас бостандығынан айырылғанын естіп,  алаңдап отырмыз» деп айтылды.

Мәлімдемеде Түркияның Қырым татарларының туған жерінде еркін және қауіпсіз өмір сүру құқығын қолдайтыны қайталанды.

«Жоғарыда аталған азаматтарға қоса Қырым татарлары Ұлттық Мәжілісінің вице-президенті Нериман Жалал, Асан Ахметов пен Азиз Ахметовтің және Қырымда саяси себептермен түрмеге қамалған барлық қандастарымыздың мүмкіндігінше тез арада босатылып, отбасыларына қауышуы үшін қажетті қадамдардың басылуын күтеміз» деген сөздер қолданылды.



Ұқсас жаңалықтар