Түркияға туысқан елдерден көмек

Жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға көмек толастамады.

1946264
Түркияға туысқан елдерден көмек

Бұрын Түркияға 101 адамнан тұратын іздеу-құтқару тобын жіберіп, 150 тонна гуманитарлық көмек жинаған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке табиғи апаттан зардап шеккендерге қосымша гуманитарлық көмек, соның ішінде шатыр, жылытқыш, жылы киім және басқа да негізгі қажеттіліктерді жіберуді тапсырды.

Қырғызстан Түркияға үшінші іздеу-құтқару тобын жібереді. Ұшақта Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев бастаған топтан бөлек далалық аурухана, жедел жәрдем көлігі және 52 киіз үй бар.

Өзбекстанда ел көлемінде басталған көмек науқаны аясында жер сілкінісінен зардап шеккендерге 170 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Өзбекстан азаматтарының ақшалай көмегі жалғасып жатқаны, өзбек аспаздары да жер сілкінісі болған аймақтағы 5 мың адамға күніне 2 мезгіл тамақ таратып жатқаны айтылды.

Ресей де пеш пен қысқы шатырлардан тұратын 36 тонна гуманитарлық көмек жіберді.



Ұқсас жаңалықтар