Түрікмен тілі қайтадан ресми тілдер қатарына алынды

Премьер-министр ресми хат алмасу тілдері арасында түрікмен тілін қолдануды тапсырды.

1953581
Түрікмен тілі қайтадан ресми тілдер қатарына алынды

Ирак үкіметі Киркуктегі ресми тілдер қатарына түрікмен тілін қайтадан  қосты.

Ирактың ресми ақпарат агенттігі INA-ның хабарлауынша, премьер-министр Мұхаммед Шиа ес-Судани ресми хат алмасу тілдері арасында түрікмен тілін қолдануды тапсырды.

Ирак премьер-министрлігінің бас хатшылығы Киркук әкімшілігіне Киркуктегі ресми хат алмасуда тек араб және күрд тілдерін қолдану туралы хат жолдаған болатын. Бұл шешімге Киркукте тұратын түрікмендер наразылық білдірген еді.

Ирак Түрікмен майданы  Саяси бюросы премьер-министр Мұхаммед Шия ес-Суданиге телефон соғып, шешімнің күшін жоюды сұрады.

Ирак Парламентіндегі Түрікмен тобы мәлімдеме жариялап,  Киркукте түрікмен тілін елемеу шешімінің конституцияға қайшы екені және қабылданбайтынын атап көрсеткен болатын.

Түркия да бұл шешімнің алынып тасталуын талап еткен еді.



Ұқсас жаңалықтар