Президент Эрсин Татар Фишермен бас қосты

СКТР президенті Эрсин Татар понтилердің қарулануының аймақта ешкімге пайда әкелмейтінін мәлімдеді.

1964002
Президент Эрсин Татар Фишермен бас қосты

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар понтилердің қарулануының аймақта ешкімге пайда әкелмейтінін мәлімдеді.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Кипр Понти Әкімшілігінде аккредиттелген Никосия елшісі Джули Д. Фишерді қабылдаған Татар кездесудің артынан журналистерге мәлімдеме жасады.

Эрсин Татар Фишердің жаңа тағайындалуына байланысты жасаған және бұл аяда бас қосқандарын білдірді.

Понтилерлдің қарулануымен байланысты мазасыздықтарын Фишерге жеткізгендерін білдірген Татар «АҚШ-тың қару эмбаргосын алып тастауымен Кипр Понти Әкімшілігінің қарулануы, Жерорта теңізінің шығысында шиеленісті арттыратын жағымсыз жағдай. Понтилердің қарулануы аймақтағы ешкімге пайда әкелмейді. Бұл пікірлерімізді билікке жеткізу үшін Фишерге жеткіздім» деді.

Татар Понтилер мен ресми келіссөздердің бастауы үшін алғышарты екенін айтқандарын атап өтті.

Кездесу барысында Жерорта теңізінің шығысында теңгерім өзгергенін, Кипрдегі екі тарап арасындағы теңдігі және Түркияның кепілгер ел ретінде ұстанымын өзгерген тепе-теңдіктер аясында үлкен мәнге ие екенін тілге тиек еткен Татар өз саясаттарына қолдау сұрағандарын атап көрсетті.

АҚШ-тың Никосия елшісі Фишер болса кездесудің сындарлы және жақсы өткенін айтты.

Фишер кездесуде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары аясында Кипр келіссөздерінің екі жақты саяси теңдікке негізделген екі аймақтық федерация негізінде қайта басталуына бағытталған АҚШ-тың міндеттемесі және табандылығының жалғасып жатқаны Татарға жеткізгенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар