Татарға шабуыл әрекетіне қарсы наразылықтар артты

СКТР Президенті Эрсин Татарды нысанаға алған бір топ ереуілшінің шабуыл әрекетіне саясаткерлер наразылық көрсетті.

1967194
Татарға шабуыл әрекетіне қарсы наразылықтар артты

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татарды нысанаға алған ауызша шабуыл саясаткерлер тарапынан айыпталды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Эрсин Татарға жасалған шабуылды айыптағанын хабарлады.

Шентоп әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде «Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда СКТР президенті Эрсин Татарға жасалған шабуылды өкінішпен айыптаймын және оған ізгі тілектерімді білдіремін. Осыған ұқсас арандатушы әрекеттер Кипр түрік халқының әділетті мақсаты үшін жүргізген күресіне ешқашан кедергі бола алмайды. Ұлттық мүддеміз кипрлік түріктермен ынтымақтастықты жалғастыру» деді.

Вице-президент Фуат Октай Эрсин Татарға телефон шалып, амандық тіледі. Октай «Түркия әрдайым және барлық мәселелер алдында сізбен бірге» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса Татарға ізгі тілегін жеткізді.

Чавушоғлу «СКТР-ның Түрік мемлекеттері ұйымындағы бақылаушы мүшелігінен бастап әлем сахнасында көрініс алуын сіңіре алмаған кипрлік понтилер агрессивті бола бастады» деді.

Әділет және даму партиясы (АК партия) төрағасының орынбасары Нуман Куртулмуш болса «Құрметті Татарға қарсы бағытталған бұл опасыз шабуылға қарсы ағылшын мекемелерін дереу шара қолдануға шақырамыз» деді.

Куртулмуш «Кипр түріктерінің тағдыры – біздің тағдырымыз. Елбасымызға ізгі тілегімізді білдіреміз» деді.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Эрсин Татардың Ұыбританиядағы «King's College London (KCL)»-да өтетін бір бағдарлама үшін барған университеттің кіре берісінде Грекия туын көтерген топ оған кедергі жасауға тырысқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар