Фуат Октай СКТР болашағының  жарқын екенін айтты

Вице-президент Фуат Октай СКТР премьер-министрі Үнал Үстелмен 2023 жылғы Экономикалық және қаржылық ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

1968315
Фуат Октай СКТР болашағының  жарқын екенін айтты

Вице-президент Фуат Октай Түркияның қолдауымен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) болашағының әлдеқайда жарқын болатынын айтты.

Октай СКТР-дағы Рауф  Денкташ мәдени орталығында СКТР премьер-министрі Үнал Үстелмен 2023 жылғы Экономикалық және қаржылық ынтымақтастық келісіміне қол қойды және одан кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Октай 2023 жылғы Экономикалық және қаржылық ынтымақтастық келісімінің СКТР-ның және екі ел арасындағы бауырластықтың өркендеуіне негіз болатынын атап көрсетті.

Октай «Қазіргі әлеуетті Түркияның қолдауымен стратегиялық серпілістерге бағыттау нәтижесінде СКТР-ның болашағы әлдеқайда айқын. Әділетсіз шектеулер мен эмбарголарға қарамастан СКТР саяси, әлеуметтік және экономикалық салаларда айтарлықтай даму көрсетті. Осы ұзақ мерзімді күресте Түркия мен СКТР, Кипр түрік бауырларымыздың экономикалық тұрғыдан күшті деңгейге жетуі үшін әрқашан ынтымақтастық ішінде жұмыс істейміз» деген сөздер қолданды.

Октай Түркияның кепіл ел ретінде Кипр түріктерінің болашаққа сеніммен қарап, бейбітшілік, тыныштық пен бақытты өмір сүруін жалғастыру үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынынтүсіндірді.

СКТР Премьер-министрі Үстел Түркияның СКТР-ді әр салада қолдайтынын және әрқашан Кипр түрік халқының жанында екенін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар