Гагауз президенттік сайлауында Евгения Гуцул жеңіске жетті

Молдова Республикасының Гагауз Автономиялық аймағындағы президенттік сайлаудың екінші туры өтті.

1986641
Гагауз президенттік сайлауында Евгения Гуцул жеңіске жетті

Молдова Республикасының Гагауз Автономиялық аймағындағы президенттік сайлаудың екінші турында Шор партиясының үміткері Евгения Гуцул жеңіске жетті.

30 сәуірде Гагауз Автономиялық аймағында өткен президенттік сайлаудың бірінші турында үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмағандықтан, кеше екінші тур өтті.

Бірінші турда ең көп дауыс жинаған Шор партиясы ұсынған Евгения Гуцул (26,47%) және 26.40 пайыз дауыс жинаған бұрынғы президент Игорь Додон басшылығындағы Социалистік партия қолдаған тәуелсіз үміткер Григорий Узун екінші турда жарысты.

Аймақтық орталық сайлау комиссиясы жариялаған белгісіз нәтижелерге қарағанда Гуцул 52.36 пайыз дауыспен жеңіске жеткен. Григорий Узун 47.64 пайыз дауыс жинаған.

Гуцул мәлімдемесінде сайлаушыларына ризашылығын білдіріп: «Бұл бүкіл Гагауз Автономиялық аймағының жеңісі және аймақтың армандар еліне айналуының бастам асы» деді. 

Өзін ұсынған Шор партиясының ресейшіл екенін атап өткен Гуцул Ресей және басқа елдермен достық қарым-қатынасты сақтауды көздейтінін тілге тиек етті.

Сайлау жарысында жеңілген Узун гагауз сайлаушыларының таңдауына құрметпен қарайтынын баса айтып: «Маған және менің командама сенген Гагауз Автономиялық аймағы тұрғындарына алғыс айтамын, бұл кезеңде пікір білдіргім келмейді" деді.

Гагауз Автономиялық аймағының қазіргі президенті Ирина Влах сайлауда жеңіске жеткен Гуцулды құттықтады. «Гагауз халқы сізге сенім артты және сізден бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, Гагауз қоғамының бірлігін қамтамасыз ету жолында қадамдар басуды және аймақты дамыту, орталық органдармен сындарлы қарым-қатынас орнатуды күтеді деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар