Қырым Мәжіліс ғимараты мемлекетке қарайды

Қырымның ауыз жүзіндегі әкімі Сергей Аксенов түбекте «Ресеймен жауласқандардың» мүлкін мемлекет құрамына алу жалғасып жатқанын айтты.

1990377
Қырым Мәжіліс ғимараты мемлекетке қарайды

Ресей заңсыз жаулап алған Қырымда Ақмешіттегі Қырым Татарларының Ұлттық Мәжілісі ғимаратын мемлекет құрамына алу ниетінде.

Қырымның ауыз жүзіндегі әкімі Сергей Аксенов әлеуметтік желідегі парақшасында түбекте «Ресеймен жауласқандардың» мүлкін мемлекет құрамына алу жалғасып жатқанын айтты.

Сергей Аксенов: «Симферопольдегі (Ақмешіт) Ресейде тыйым салынған ұшқарыларды қолдауды Мәжіліске тиесілі ғимарат қатарлы бірқатар нысандар Қырым Республикасының меншігіне өтеді». деді.

Сонымен бірге Аксенов Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленскаяның резиденциясы да мемлекет құрамына өтетінін мәлімдеді.

Ресей  2014 жылы Қырым Украинадан заңсыз алынғаннан кейін Қырым Татарларының Ұлттық Мәжілісінің көптеген мүшелерінің, әсіресе Қырым татар түрік халқының жетекшісі Мұстафа Абдулжемил Кырымоғлуның Қырымға кіруіне тыйым салды.

Осыдан кейін Қырым татарларының еркін білдірген Қырым Татарларының Ұлттық Мәжілісі Ресей соты тарапынан «ұшқары ұйым» деп танылып, оның қызметі тоқтатылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар