Жевдет Йылмаз Үнал Үстелмен кездесті

Президенттік сарайда өткен жеке кездесу алдында сөз сөйлеген Йылмаз екі елдің барлық салада ынтымақтастығын жалғастырғанын білдірді.

2008585
Жевдет Йылмаз Үнал Үстелмен кездесті

Президенттің орынбасары Жевдет Йылмаз Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы (СКТР) жаңа Ержан әуежайының 20 шілдеде рейстерге ашылатынын мәлімдеді.

Йылмаз бас қала Анкарада СКТР-ның премьер-министрі Үнал Үстелмен кездесті.

Президенттік сарайда өткен жеке кездесу алдында сөз сөйлеген Йылмаз екі елдің барлық салада ынтымақтастығын жалғастырғанын білдірді.

Йылмаз Солтүстік Кипрдегі жаңа Ержан әуежайының 20 шілдеде рейстерге ашылатынын атап көрсетті.

Жевдет Йылмаз:

«Ержан әуежайы Солтүстік Кипр Түрік Республикасының жаңа көрінісі және бет-бейнесі болады» деді.

Үнал Үстел мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының делегациясын күтіп алғанына өте қуанышты екенін білдірген Йылмаз:

«Алдағы кезеңде әртүрлі деңгейдегі жиі кездесулер мен жиналыстарда ынтымақтастығымызды одан әрі жалғастырамыз» деп көрсетті.

Түркиямен әрқашан бірге әрекет жасағандарын тілге тиек еткен Үстел:

"Ет пен тырнақтаймыз. Жақсы күнде де, жаман күнде де біргеміз. Әрқашан елдеріміздің бақыты үшін еңбек етеміз. Бүгін де сондай күндердің бірі" деді.



Ұқсас жаңалықтар