Эрсин Татар 1974 жылғы Кипрдегі бейбітшілік қозғалысына тоқталды

Эрсин Татар «Түрік әскерлерінің аралға қадам басуымен әрі гректерге, әрі түріктерге  бейбітшілік келді» деді.

2013445
Эрсин Татар 1974 жылғы Кипрдегі бейбітшілік қозғалысына тоқталды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Эрсин Татар түрік әскерінің 1974 жылы Кипрдегі бейбітшілік қозғалысы арқылы гректер мен түріктерге бейбітшілік әкелгенін айтты.

1974 жылғы 20 шілдедегі Кипр бейбітшілік қозғалысы туралы ел астанасы Никосиядағы президенттік кеңседе баға берген Татар «Бейбітшілік қозғалысы болмаса, Кипр Криттен де нашар болар еді. Олар аралдағы барлық түріктерді жояр еді» деді.

Эрсин Татар «Түрік әскерлерінің аралға қадам басуымен әрі гректерге, әрі түріктерге  бейбітшілік келді. Сол күннен бері Кипрде ешқандай қақтығыс болмады. Кипр жаңа бір процеске енді» деді.



Ұқсас жаңалықтар