Батыс Фракияда түріктер мектептерін жапқан Грекияға наразылық көрсетті

Грекия Білім министрлігі оқушы санының жеткіліксіздігін сылтауратып азсандылардың тағы 9 мектебін жапты.

2014298
Батыс Фракияда түріктер мектептерін жапқан Грекияға наразылық көрсетті

Батыс Фракия түріктері Грекия Білім министрлігінің аймақтағы оқушы санының жеткіліксіздігін алға тартып, 9 азшылық мектебін жабу туралы шешіміне наразылық көрсетті.

Батыс Фракия түрік азсандылары кеңесінен жасалған жазбаша мәлімдемеде азсандыларға тиесілі тағы 9 мектепті жабуға шешім қабылдаған Грекия Білім министрлігі айыпталды.

Мәлімдемеде «Біз білім беру саласында қабылданған осы және осыған ұқсас ескірген шешімдерді қатаң айыптаймыз» делінді.

Азсанды оқыту мәртебесінің Лозанна келісіміне қоса халықаралық келісімдермен белгіленгеніне назар аударылған мәлімдемеде азсандылар құқығының жақсармағаны, керісінше нашарлатылғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Грекияның халықаралық құқық пен келісімдерді тек азсандыларды нысанаға алатындай пайымдағаны білдірілді.

Достық теңдік бейбітшілік партиясы жасаған мәлімдемесінде «Жалпы сайлау кезінде Батыс Фракиядағы мұсылман түрік азсандыларын қорқытуды мақсат ететін мәлімдеме мен ұстанымдардың артынан мұндай шешіммен бетпе-бет қалу азшылықтың тағы да көңілін құлазытады» деді.

«Гүмүлджине түрік жастары одағы» (GTGB) жасаған мәлімдемеде болса үкіметтің азсанды лауазымдыларының талаптарын назарға алмай қабылдаған бұл шешімдердің «қабылданбайтыны» баса айтылды.

Шешіммен 2011 жылдан бері «оқушылар санының жетіспеушілігіне байланысты» деген сылтаумен жүйелі түрде жабылған түрік азсандыларының бастауыш мектептері саны тұрақты түрде артқанымен, Батыс Фракияда оқу жұмысы жалғасқан азсандылардың мектеп саны 90-ға дейін азайды.

1995 жылы Батыс Фракия бойынша 231 азсанды мектебі жұмыс істейтін.



Ұқсас жаңалықтар