Пашиняннан маңызды мәлімдеме

"Әлемде Қарабахты Әзербайжан жері деп мойындамайтын бірде-бір ел жоқ" деді ол.

2016260
Пашиняннан маңызды мәлімдеме

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның ұзақ уақыт қақтығыс тәртібінде өмір сүре алмайтынын айтып, Әзербайжан мен елі арасындағы келіссөздердің сәтті өтуін қалайтынын білдірді.

Пашинян Арменияның астанасы Ереванда өткізген баспасөз мәслихатында Әзербайжанмен бейбіт келісімге келу және Түркиямен қалыпқа келу үдерісі үшін келіссөздердің жалғасып жатқанын білдірді.

Әлемде Қарабахты Әзербайжан жері деп мойындамайтын бірде-бір ел жоқ екеніне назар аударған Пашинян Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Минск тобының да Қарабахтың Әзербайжанның билігінде екенін мойындағанын еске салды.

Дүниежүзілік қауымдастықтың Қарабах мәселесінің тікелей шешімін қалайтынын атап көрсеткен Пашинян әлемде жалғыз өмір сүрмейтіндерін, халықаралық қауымдастықтың мүдделеріне қарай әрекет етулері керектігін айтты.

Пашинян «Армения қақтығыс тәртібінде ұзақ өмір сүре алмайды. Нан, жарық, жол емес, бірақ мемлекет жойылатын жағдайға түсуіміз мүмкін. Біз Еуропа және Ресеймен көрші емеспіз. Біз Грузия, Түркия мен Иран, Әзербайжанмен көршіміз.  Проблемаларды шешуде бұл мәселе бірінші кезекте қарастырылуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар