СКТР-нда Пиле-Йиғитлер тас жолы құрылысы жалғасуда

СКТР Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2026790
СКТР-нда Пиле-Йиғитлер тас жолы құрылысы жалғасуда

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) жүзеге асырған Пиле-Йиғитлер тас жол жобасы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бақылауындағы Йигитлер ауылынан «Жасыл желідегі» Пиле ауылына дейін жол жөндеу және кеңейту жұмыстары жалғасуда.

Лауазымдылардың мәліметі бойынша таңертең басталып, демалыс күндеріне байланысты төмен қарқынмен жалғасқан жұмыстар кеше түстен кейін тоқтатылды.

Жұмыстардың бүгін де дәл осылай төмен қарқынмен жарты күндік жалғасатыны білдірілді.

Жобаға тосқауыл қойғысы келетін БҰҰ Бейбітшілік күші әскерінің жұма күні СКТР полициясы тарапынан «Жасыл желінің» арғы жағына шығарылуының артынан кеше аймаққа қайта келген Бейбітшілік күші сарбаздары Кипр түрік тарапы қабылдаған «Жасыл желіден» жүргізілген жұмысты бақылады.

СКТР Сыртқы істер министрлігі кеңесшісі жазбаша мәлімдемесінде БҰҰ Бейбітшілік күштерінің кеше аймаққа сарбаз жібергенін, бірақ олардың жұмысқа араласпағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар