СКТР президенті Татар генерал Метин Гүракты қабылдады

Никосия қаласында жүзеге асқан қабылдауда күн тәртібіндегі тақырыптар талқыланды.

2029806
СКТР президенті Татар генерал Метин Гүракты қабылдады

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар Бас штаб төрағасы генерал Метин Гүракты қабылдады.

СКТР президенттік аппараты жасаған мәлімдемеге қарағанда Никосияда өткен кездесуде Татар СКТР-ның салғысы келетін Пиле-Йиғиттер тас жолы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) наразылығына тоқталып, «Ұшқыш Дженгиз Топел өлтірілгенде, түріктерді өлтірген ауылдарда қырғын болған кезде Біріккен Ұлттар Ұйымы қайда еді?» деп сұрақ қойды.

Татар Пиледегі азаматтардың қажеттілігін қамтамасыз ету және гуманитарлық мақсат үшін жол салғылары келгенін, понтилердің Пиледе жолдар, ғимараттар және университеттер салғанын, бірақ түріктер жол салғысы келгенде наразылық көрсеткенін айтып, мұның қос стандарт екенін мәлімдеді.

Президент Татар қарсы жақтың мақсатының Пиледегі түрік халқының санын азайту және аралас ауылды толығымен понти ауылына айналдыру екенін айтты.

Жерорта теңізінің шығысында түрік мемлекеті болып табылатын СКТР-ның мұнай, табиғи газ және басқа да қауіпсіздік мәселелерімен көгілдір отанындағы мәртебесін арттырғанын білдірген Татар Кипрде келісім болған жағдайда, СКТР-ның келісімнің тарапы болатынын баса айтты.

Татар Кипр түріктерінің артында Түркия мен түрік әлемінің тұрғанын, СКТР-ның Түрік мемлекеттері ұйымына бақылаушы мүше болған соң мәртебесінің көтерілгенін атап өтті.

Бас штаб төрағасы Гүрак болса қабылдауда сөйлеген сөзінде «Кипрдің Түркия үшін ұлттық бір мәселе екенін» атап, әрқашан Кипр түріктерімен бірге болғандарын, Кипр түрік халқын жалғыз қалдырмайтындарын және әділетті қолдайтындарын білдірді.

Гүрак БҰҰ Бейбітшілік күштерінің Пиледе тек гуманитарлық қажеттіліктер үшін басталған жол құрылыс жұмыстарына қарсы бейтараптық қағидасына қайшы ұстанымының қабылданбайтынына назар аударды.

Сонымен қатар, Гүрак Лимассол қаласындағы Көпрүлү Хаджы Ибрахим аға мешітіне жасалған сұмдық шабуылды қатаң түрде айыптағанын баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар