Эрсин Татар СКТР-ның танылуы керектігін айтты
СКТР президенті Эрсин Татар Нью-Йоркте СКТР азаматтарымен кездесті.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар Кипрде қысыммен жасалған шешімді ешқашан қабылдамайтындарын айтып: «Өз еркімізбен құрған мемлекетімізді тануы керек» деді.
СКТР президенттігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркте болған Татар СКТР азаматтарымен кездесті.
Татар мұндағы сөйлеген сөзінде шетелде тұратын кипрлік түріктердің бірлік пен ынтымақта екенін және ешқашан туған жерінен ажырамағанын білдірді.
Болашақ ұрпақтардың СКТР-мен байланыстарын сақтауының маңыздылығына назар аударған Татар Түркия Республикасының қолдауының маңызды екеніне назар аударды.
Татар Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррешпен кездесуінде Кипр түрік жағының ұстанымын түсіндіріп, қысымммен жасалған шешімді ешқашан қабылдамайтындарын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.