Бөртпе май безеулері

«Денсаулық зор байлық» - 3

1712973
Бөртпе май безеулері

Бөртпе май безеулері

Бұл бағдарламамызда бөртпе май безеулері (акне) тақырыбына тоқталамыз.

Бөртпе май безеулері әлемде ең көп таралған тері проблемасы ретінде жасөспірімдік шақтан басталады.

Безеу кір, өлі тері және бітелген тесіктерде әртүрлі себептермен пайда болуы мүмкін. Терідегі бітелген тесіктер қара нүкте немесе қабынуды тудырады. Бөртпе май безеуі гормоналды теңгерімсіздік немесе ауытқу, стресс, нашар тамақтану, дәрі-дәрмектердің кері әсері мен гигиенаны сақтамау салдарынан пайда болады.

Безеулер емделмесе тыртықтар мен дақтарға айналады.

Безеуді үйде дайындай алатын кейбір табиғи және шөптермен емдеуге болады:

1. Лимон шырыны мен даршын: Даршын мен лимон безеуді емдеуге болатын күшті бактерияға қарсы агенттер.

Материалдар:

• 2 ас қасық қасығымен таза сығылған лимон шырыны,

• 1 ас қасық даршын,

Дайындау: Даршын мен лимон шырынын араластырып, безеуіңізге жағыңыз. 15-20 минут күтіңіз, жылы сумен шайыңыз. Кейін ылғалдандырғыш жағыңыз және аптасына 2-3 рет қайталаңыз.

2. Лимон және куркума: Куркума – ауырсынуды және қабынуды азайтуға қабілетті қабынуға қарсы күшті бір агент, ол ауырсынуды және қабынуды азайтады.

Материалдар:

• 1 ас қасық куркума ұнтағы,

• 1 дана лимон шырыны.

Дайындау: Куркума мен лимон шырынын араластырып, безеуіңізге жағыңыз. 15-20 минут күтіңіз, жылы сумен шайыңыз. Кейін ылғалдандырғыш жағыңыз және аптасына 2-3 рет қайталаңыз. (Куркума теріңізді сәл сарғайтуы мүмкін. Бетіңізді бірнеше рет жуған соң жоғалады).

3.Жаңғақ пен таза жүзімді тұтынудан аулақ болыңыз. Жаңғақ пен таза жүзімді тұтыну әрі безеу жарасының кеш жабылуына, әрі жараның ауырлығының жоғарылауына себеп болады.

4. Лимон мен раушан суы: Раушан суы; безеу тітіркенген теріні тыныштандыратын қабынуға қарсы бір агент ретінде жұмыс істейді.

Материалдар:

• 1 ас қасық лимон шырыны,

• 1 ас қасық раушан суы.

Дайындау: Лимон шырыны мен раушан суын араластырыңыз. Мақтаның арқылы безеуіңізге жағыңыз. Сұйықтық бетіңізде 20 минут тұрсын. Артынан теріңізді салқын сумен теріңізді шайыңыз. Қажетті нәтижеге жеткенше күн сайын қайталаңыз.

5. Лаванда шайы: Лаванда шайы бөртпе шыққан жерге жағылады. Безеуге жақсы әсер етумен қатар безеу шыққан жерде із қалуының алдын алады.

6. Көк шай: Көк шайды үнемі ішу безеудің пайда болуына жол бермейді. Сонымен қатар көк шай безеу бар жерге жағылады. 2 кішкентай пакет көк шаймен дайындалған шайды безеу бар жерге үнемі мақта арқылы жағыңыз.

7. Бал: Бал безеуге бейім теріні қалпына келтіреді және оның терісін жақсартады.

8. Органикалық алма сірке суы: сірке суының бактерия мен микробқа қарсы қасиеттері безеуді кептіру үшін ұсынылады. Осы үшін 1 ас қасық органикалық алма сірке суын 2 ас қасық сумен сұйылтылады және мақта кесегінің көмегімен таңертең және кешкі мезгілде бөртпе май шыққан жерге компресс жасалады. Осылайша безеу бірнеше күннен кейін кебіп кетеді.

9. Минералды су мен алма сірке суы: Аптасына 3 реттен аспайтындай жартылай кубок (чашка) минералды су мен алма сірке суын безеу бар жерге жағуға болады.

10. Табиғи йогурт: Кеш сайын ұйықтамас бұрын теріңізге 1 ас қасық йогурт жағыңыз және 10 минут күтіңіз. Йогуртты теріңізден тазарту үшін жылы сумен жуыңыз.

11. Кокос майы: Кокос майы теріні нәрлендіретін және ылғал балансын сақтайтын бір шөп қоспасы болып табылады. Табиғи кокос майын алыңыз және күн сайын таңертең осы маймен бетіңізді ылғалдандырыңыз. Безеудің кебуі мен тесіктерінің тарылуын тездетеді. Егер соңғы бірнеше күнде теріңізде безеудің көбеюі жылдамдаса, кокос майымен бет бояуыңызды тазалай аласыз.

12. Кофе піскеннен кейінгі ұнтағы: Қантсыз ішкен кофенің ұнтағы бетке жағылады. Кофе ұнтағының теріде 10 минуттай қалуы безеу үшін тиімді.

13. Лаванда майы: Лаванда майымен түн сайын безеу шыққан жерлерді уқалай аласыз.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар