Бас ауруы туралы кейбір ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 6

1824327
Бас ауруы туралы кейбір ұсыныстар

Бас ауруы

Бүгінгі бағдарламамызда бас ауруы жайлы сөз қозғап, кейбір ұсыныстар жасаймыз.

Бас ауырғанға табиғи ұсыныстарымыз былай:

1. Лаванда эфир майы:

Тікелей иіскеу, диффузорға 2 тамшы қою арқылы бөлмені желдету, иісті қағазға екі тамшысын тамызып иіскеу арқылы қолданылады.

2. Жалбыз (ментол) эфир майы:

Жалбыздың эфир майының сергітетін әсерінің арқасында жоғары қан қысымы мен кернеуге байланысты бас ауруларын босаңсытатын табиғи ем ретінде қолданылады.

3. Базилик эфир майы:

Базилик эфир майы бұлшықет босаңсытқыш ретінде тиімді. Бұл бас ауруы мен әлсіз бұлшықеттерге де әсер етеді.

4. Зығыр тұқымы:

Зығыр тұқымы омега 3-ке бай және бас ауруларын басатын әсерге ие.

5. Түрік кофесі мен шай:

Кофе мен шайды бас ауруды жеңілдету мақсатты қолдануға болады. Кофенің құрамындағы кофеин бас ауруларын азайтады. Бір кесе түрік кофесі немесе шай ішу ауырсынуды басатын әсерінің арқасында ерте кезеңдерде өте тиімді болуы мүмкін. Дегенмен, оны көп тұтынуға болмайды.

6. Саусақпен акупунктура аймағына қысым жасау:

  • Қолдағы бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы нүктеге қысым көрсетілсе, бұл бас ауруын жеңілдетуге көмектеседі.
  • Қастар арасындағы нүктеде орналасқан акупунктуралық қысым нүктесіне қысым жасау стресстен және шаршаудан туындаған бас ауруларын жеңілдетеді.
  • Мұрын мен көз саңылауының арасындағы нүкте мұрын көпірінде және көз ұясында, қастарыңыздың астында орын алады. Стресс немесе суықтан туындаған бас ауруларын жеңілдету үшін сұқ саусақтардың көмегімен бұл аймаққа қысым жасауға болады.

7. Ыстық душ:

Егер бас ауруы, тұмау немесе синуситке байланысты болса, бұл жылы ауа мұрын жолын ашуға әсер етеді.

8. Маңдай мен шекеге мұз қою:

Маңдай мен шекеге ылғал сүлгіні қою немесе мұз дорбасымен суық компресс жасау ауруды жеңілдетеді. Маңдай мен шеке жеріне суық компресс жасағанда бас ауруынан тез арылу үшін иықтың артқы жағына ыстық компресс қолдану керек. Тиімді болу үшін мұны қайталауға болады.

9. Сусыз қалмаңыз:

Бас ауруының себептерінің бірі - шөлдеу. Сондықтан бас ауруы бастала салысымен суды ішуді жалғастырыңыз. Егер бас ауырса, онда өте суық су ішпеу керек.

10. Бастың арқасы, мойын мен иықтарға массаж жасау:

Бас ауруын жеңілдетуге көмектеседі.

11. Тыныс алу жаттығулары:

Кейде тек қана дұрыс тыныс алудың өзі ем орнына қолданылады. Терең тыныс алу арқылы жайлылықты қамтамасыз ету дененің кернеуін азайту арқылы бірнеше минут ішінде бас ауруларын жеңілдетеді.

12. Қараңғы және тыныш жерде демалу:

Салқын, қараңғы және тыныш жерде кем дегенде 30 минут демалып, тыныс алуға назар аудару бас ауруын жеңілдетеді.

13. Алма сірке суы:

1 стақан ыстық суға 1 шай қасық алма сірке суы қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Алма сірке суын баяу ішіңіз.

14. Лимон шырыны:

Бір стақан ыстық суға жарты лимон сығып, араластырыңыз. Кейін ішіңіз.

15. Қалампыр:

Ашық шайдың ішіне 9-10 дана кептірілген қалампыр қосып, қантсыз ішіңіз.

16. Розмарин шайы:

Мигрень үшін бір стақан су қайнатып, оған бір шай қасықпен розмарин қосыңыз. Баяу отта 9-10 минут тұндырыңыз. Қайнатқаннан кейін оны сүзіп, тамақтан кейін ішеді. Бұл ем 21 күн бойы күніне екі рет қолданылады.

17. Көк шай:

Көк шай кластерлік бас ауруларын емдеудің түпкілікті шешімдерінің бірі. Бас ауруы пайда болған кезде көк шай ішу ұсынылады.

18. Линден:

Линден шайы кластерлік бас аурулары үшін жиі ұсынылады.

19. Ромашка шайы:

Ромашка шайының тыныштандыратын әсері арқасында кластерлік бас ауруы басылады.



Ұқсас жаңалықтар