Қуық асты безінің қабынуы (простатит)

Денсаулық зор байлық - 7

1719095
Қуық асты безінің қабынуы (простатит)

Бүгінгі бағдарламамызда простатит (Қуық асты безінің қабынуы) жайлы сөз қозғап, кейбір ұсыныстар жасаймыз.

Инфекция немесе қоздырғыш факторлардан туындаған бір ауру болғаны себепті Қуық асты безінің қабынуының белгілері жиі зәр шығару, зәрдегі қан, безгек,  суық тию, зәр шығару кезінде ауырсыну, шаршау және әлсіздік болып табылады.

Шамамен кез-келген 10 адамның төртеуінде кездесетін бұл ауру ерлердің өмір сүру сапасын едәуір төмендетеді. Жыныстық дисфункция мен психологияға кері әсер ететін бұл аурудың қайталануы мүмкін.

Қуық асты безінің қабынуын емдеуде табиғи әдістер мен ұсыныстар былай:

Бұл ауруыңыз шамамен 1-2 жылдан бері жалғасатын болса, үйде дайындауға болатын кейбір әдістер сіздің шағымыңызды азайтуы мүмкін.

  1. 1 литр су қайнатылып, оған шамамен 250 грамм брокколи қосылады. Баяу отта  брокколиді 5 минут қайнатады, кейін сууға қалдырады. Су салқындағаннан кейін сүзу арқылы алынған суы үшке бөлінеді және таңертең, түсте, кешке аш қарынға ішеді. Брокколи шырынын ішкен соң таза ауыз суынан басқа 20 минут бойы ешбір тағамды тұтынбаңыз. Суға қайнатылған брокколиді болса тағам немесе салат ретінде қолдануға болады. Бұл өсімдікпен емдеу әдісі бір апта бойы үздіксіз қолданылады. Үш күндік үзілістен кейін қайта басталады. Жалпы 21 күнбойынша 7 күн үздіксіз ішіп, үш күн үзіліс жасау арқылы жалғастырылады. Бұл емдеу аяқталғаннан кейін шағымдарыңыз азаюы мүмкін. Алайда болашақта егер аурудың белгілері қайта пайда бола бастаса, онда бұл жолы брокколи емдеуін 15 күн қолдану керек.
  2. Созылмалы қуық асты безінің қабынуын шөппен емдеуде орташа үлкендікте бір пиязды ашып тураған соң бір тілім нанмен жеу керек. Бұл аурудан туындаған қабынуды азайтып, ауырсынуды басады.
  3. Кешке ұйықтар алдында бір литр суға қабығы ашылған екі пиязды салады, таңертең аш қарынға бір стакан ішеді.
  4. Күн сайын жүйелі түрде бір уыс шикі асқабақтың тұқымын жеген жөн. Немесе асқабақтың шикі тұқымын (500 гр) турағыштан өткізіп ұсақтау арқылы сұйық балмен (200 гр) араластыруға болады. Бұл қоспаны бір шай қасықпен таңертең ішуге болады.
  5. Күніне үш мезгіл 8-10 тал кішкентай жапырақты ақжелкенді қайнатып ішіңіз.
  6. Ұнтақталған куркуманы жүйелі түрде тұтыну өте тиімді. Салат, сорпа, йогурттың үстіне бір сорпа қасықпен қойып тұтынылады.
  7. Сәбіз шырыны мен шпинат шырыны қуық асты безінің қабынуы кезінде өте пайдалы.
  8. Эхинацея ағзаның инфекциямен күресуіне көмектесе алатын керемет иммунитет күшейткішке ие.
  9. С дәрумені – антиоксидантты витамин. Қабынуға қарсы препараттар және иммунитетті көтеретін құрал. Сонымен қатар зәрді одан да қышқылдандырады, осылайша бактериялар оңай өсе алмайды. Шамамен 500 мг тәулігіне екі рет қабылданады.
  10. Қабынуға қарсы препараттық қасиетке ие құрамында маңызды май қышқылдары бар зығыр тұқымын йогуртпен араластыру арқылы тұтынуды ұсынуға болады.
  • Сонымен қатар көп сусын ішу керек. Күніне кемінде алты немесе сегіз стакан су ішіңіз.
  • Қуыққа зақым келтіріп, несеп шығарудың кейбір проблемаларын одан әрі нашарлатуы мүмкін болғандықтан құрамында кофеин (шай, кофе және кола) бар газдалған сусындар, жасанды қант алмастырғыштарды қолдануға болмайды.
  • Ащы тағамдарды шағымдарды одан да нашарлататындықтан қолданбаған жөн.
  • Велосипед тебу сияқты қысым жасайтын әрекеттерден аулақ болу керек. Симптомдарды нашарлатуы мүмкін. Егер сіз велосипедпен жүруді жалғастырғыңыз келсе, гельден жасалған арнайы орындық қолдануды сынап көру керек.
  • Іш қату қабынған қуық асты безін тітіркендіреді және науқастың қатты ауырсынуына себеп болады. Талшықты тағамдарды тұтыну керек.
  • Сонымен қатар, үнемі дене шынықтырып, ұйықтау маңызды болып табылады.


Ұқсас жаңалықтар