Қан аздығы ауруы немесе темір тапшылығы анемиясы

«Денсаулық зор байлық» - 5

1712967
Қан аздығы ауруы немесе темір тапшылығы анемиясы

Қан аздығы ауруы немесе темір тапшылығы анемиясы

Құрамында темір бар тағамдар жеткілікті мөлшерде алынбағанда, денеде темір тапшылығы басталады. Бұл да темір тапшылығына байланысты қан аздығы сияқты ауруларға себеп болады.

- Денеде ең жақсы жануарлардан алынатын тағамдардағы темірді сіңіреді. Жануарлардан алынатын тағамдарда кездесетін темір өсімдік тектес тағамдарға қарағанда оңай сіңеді.

100 грамм қызыл еттегі 2.7 мг. мөлшеріндегі темір құрамы шамамен күніне алу тиісті темірдің 15 пайызын құрайды. Осы себепті анемияға (қан аздығы) бейім адамдар үшін өте маңызды.

Аптасына 2 күн қызыл ет, 2 күн ақ ет және 3 күн балық тұтыну жеткілікті. Етпен бірге С дәрумені бар мол лимон қосылған жасыл салат пен тұтыну да темірдің сіңуін арттырады.

Сонымен қатар

  • бауыр
  • сиыр еті
  • балық (скумбрия, форель)
  • сардин консервілері
  • саумалдық
  • тауық еті
  • үндік еті
  • жұмыртқа
  • орман жаңғағы
  • піскен картоп
  • піскен бұршақ
  • бекмез (сірне)
  • күнжіт майы
  • дәнді нан
  • тұқымсыз мейіз де құрамында темірі көп тағамдар. Кептірілген жемістерде темір құрамы таза жемістермен салыстырғанда одан жоғары.
  • қою шай, көк шай немесе кофені тамақпен бірге ішуге болмайды. Тамақтанғаннан кейін 1 сағат күту керек. Бұл сусындар тағамдардың құрамындағы темірдің сіңу мөлшерін азайтуы мүмкін.
  • темірдің сіңуін баяулатқаны үшін сүт пен сүт өнімдері мезгілдер арасында таңдалу керек.
  • кола секілді сусындардан бас тарту керек.
  • құрамында С дәрумені бар тағам мен сусындар ағзамыздағы темірдің сіңуін арттырады.

Темірді қабылдау кезінде қажетті жоғары С дәрумені тағамдар болса мыналар:

  • апельсин шырыны
  • қызыл болгар бұрышы
  • брокколи
  • құлпынай
  • гүлді қырыққабат
  • Брюссель қырыққабаты
  • ананас шырыны
  • киви

Құрамында темір бар басқа да табиғи тағамдар;

  • атбас бұршақ
  • ас бұршақ
  • жасымық
  • кешью жаңғағы
  • асқабақ тұқымы
  • жержаңғақ майы
  • кептірілген өрік
  • қызанақ пастасы
  • ақжелкен
  • кәдімгі пісте
  • Балдыркөк-шпинат қоспасы анемия үшін өте тиімді және темірге байланысты анемияны шешуде өте күшті.

Химиотерапия және/немесе сәулелік терапиядан кейін пайда болатын анемияға қарсы балдыркөк-шпинатты емі тамаша бір қолдаушы және көмекші ем әдісі.

Балдыркөк пен шпинат қоспасын былай дайындай аласыз:

Қолданылатын материал 250 грамм таза шпинат және 200 грамм қабығы алынған балдыркөк.

Бір литр қайнаған суға 200 грамм жіңішке қылып туралған балдыркөк қосып, аузы жабық күйде баяу отта он минут қайнатыңыз. Он минуттан кейін 250 грамм шпинат қосып, ауызы жабық күйде тағы бес минут қайнатыңыз. Содан кейін оны суытыңыз. Салқындаған соң оны сүзіп, суын таза бір бөтелкеге құйыңыз. Таңертең аш қарынға немесе таңғы астан бір сағат өткен соң бір су стақанымен ішіңіз. Кешке аш қарынға немесе кешкі астан бір сағаттан өткен соң бір су стақанымен ішіңіз.

Он бес күн бойы таңертең және кешке ішуді жалғастырылады.

Он бес күннен кейін он күн үзіліс беріледі. Он күндік үзілістен кейін оны дәл осылай он бес күн бойы таңертең және кешке жалғастырылады. Барлығы отыз күндік қолданумен емдеу аяқталады.

Күнделікті тағамдарымызға жеткілікті мөлшерде және жеткілікті түрде темірі бар тағамдарды қосқанда денеміз өзі үшін жеткілікті мөлшерде темірді қабылдайды. Алайда осыған қарамастан денеге темір жетіспеген жағдайда, құрамында темір бар тағамдардан басқа сырттан темір толықтырушыларды қолдану сияқты жағдайлар қажет болуы мүмкін. Мұндай жағдайда науқас дәрігерімен міндетті түрде кеңесу керек.

Темір препараттарының салмағыңызды арттырмағанын ескерткен жөн.

 

Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар