Буынның тұз жинауы

«Денсаулық зор байлық» - 11

1731664
Буынның тұз жинауы

Бүгінгі бағдарламамызда буынға тұз жиналуын емдеуге арналған табиғи ұсыныстар жасаймыз.

Буынның тұз жинауы өте кең таралған мәселе. Тізе мен жамбас сияқты жүк көтергіш буындардың тартылуына байланысты жүру және баспалдақпен көтерілу әрекеттерін қиындатады.

Шөптермен емдеуде қолданылатын өсімдіктерді төмендегідей санауға болады:

1. Алоэ вера: Шөптік терапияда ең жиі қолданылатын шөптердің бірі - алоэ вера. Буын ауруын жеңілдету үшін пайдалы. Теріге жағылады.

2. Босвеллияөсімдігі: Босвеллия өсімдігі ісінуді жояды. Үндістанда өсетін босвеллия өсімдігінің сағызынан алынады. Крем ретінде қолданылады.

3. Эвкалипт: Эвкалипттен алынған өнімдердің әрі ауыздан, әрі теріден қабылданатын түрлері бар. Теріге жағылған формалары буын ревматизмі ауырсынуын емдеуде қолданылады. Ауырсынуды басады және ісінуді азайтады.

4. Шынар жапырағы: Шынар жапырағының терең жыртылған және піскен болуы керек. Шілде айының соңына қарай шынар жапырақтарын жинаған дұрыс.

Шынар жапырағы емін дайындау: Екі үлкен шынар жапырағын (пісіп жетілген жапырақ болуы керек, жасыл немесе кептірілген шынар жапырағы болуы да мүмкін) суық сумен жуып, кесектерге бөледі. 1 стакан суды қайнатқан соң жапырақты қосып, 1 минутқа тұндырады. Салқындағанда кешкі астан бұрын және түнде ұйықтар алдында ішеді. Екі сусынның арасында кем дегенде 3 сағаттық айырмашылық болуы керек. Бұл әдіс үзіліссіз 30 күн бойы жалғасады. Дегенмен бұл қоспаны бірінші аптада күн сайын ішеді, ал екінші аптада екі күн қабылдап, бір күн үзіліс жасайды.

Үшінші аптада үш күн ішіп, бір күн үзіліс жасайды, ал төртінші және соңғы аптада төрт күн ішіп, бір күн үзіліс береді. Осылайша бір ай жалғасады. Емдің әр жолы жаңадан дайындалуы тиісті.

Емдеу мерзімі бойынша сүт және сүт өнімдерін тұтынуға тырысады, қысқа жүру керек, тамақтану бағдарламасына да назар аударылады.

Жерге түскен шынар жапырақтарын қолдануға болмайды. Жапырақтарды бұтақтан жинау керек.

5. Зімбір: Күн сайын тұрақты түрде зімбір шайы ішу арқылы тұз жиналудың салдарынан пайда болған ісіктерді жоюға болады.

6. Көк шай: Көк шай ағзадағы иммундық жүйенің шамадан тыс белсенділігін төмендетеді. Сусын немесе таблетка түрінде қолдануға болады. Буындарға тұз жиналуымен байланысты буын ауруында көк шайдың пайдасы белгілі.

7. Куркума: Куркуманың құрамындағы белсенді ингредиент куркумин буындардағы ауырсынуды азайту үшін таблетка немесе капсула түрінде ауыздан қабылдауға болады.

8. Өсімдік майлары: Тізе буындарынан бастап буын сүйектерінде тұз жиналуына қарсы өсімдік майларды қолдануға болады.

  • Бір ас қасық қара зире майы.
  • Жарты шай стакан зәйтүн майы.
  • 2 шай қасық розмарин майы.
  • 1 шай қасық лимон майы.
  • 1 шай қасық тимьян майы; Оны араластырып, ауыратын жерге жағуға болады. Содан кейін оны жабысқақ пленкамен орап, 1-2 сағат күту керек.

 

9.Қырықбуын: Тұз жиналуына қарсы тиімді шөп болып табылатын «қырықбуын өсімдігі» шайын тұтыну шөппен емдеудің тағы бір түрі. Бір өсімдік шайы сияқты қайнатылған шөптерді балмен араластырылып тұтынуға болады.

10. Картоп шырыны: Тұз жиналуын емдеудің табиғи әдістерінің бірі - картоп шыры. Зерттеулерге қарағанда картоп шырыны тұз жиналу салдарынан пайда болған ауырсынуды басу ерекшелігіне ие.

Картоптың қабығы тазаланбай жіңішке тілімденеді. Үлкен бір ыдысқа су құйылады және кесектері де ыдысқа қойылады. Бұл суды түнде ұстайды және таңертең аш қарынға ішеді.

11. Ананас шырыны: Таза сығылған ананас шырыны тұз жиналуға жақсы. Ананас шырыны тұз жиналу салдарынан туындаған ісінуді жояды.

12.  Күнжіт тұқымы: Тұз жиналуын емдеуде бір шай қасық күнжіт тұқымы бір стакан суға құйылады және таңертең аш қарынға бұл суды ішеді. Күнжіт тұқымымен жасалған бұл су тұз жиналудың салдарынан туындаған ауырсынуды жеңілдетеді және басады.

Шөптермен емдеуге қоса артық салмақпен күресу де маңызды.

Тұз жиналуын емдеу кезінде адам артық салмағынан құтылу керек. Бұл деформацияға ұшыраған буындар үшін маңызды.

13. Қозғалыс: Тұз жиналуын емдеуде көп қозғалу аса маңызды. Күнделікті жүру мен дене шынықтыру болса медициналық және шөптермен емдеуге қоса адамды сауықтырады.

14. Ыстық суменемдеу: Тұз жиналуы проблемасы бар науқастар үшін ең тиімді шешімдердің бірі.

15. Тым ұзақ тұрмау:

Егер жамбаста тұз жиналған болса, сізге үнемі түрегеліп тұруға болмайды.



Ұқсас жаңалықтар