Шие сабағының пайдалары

«Денсаулық зор байлық» - 15

1744758
Шие сабағының пайдалары
kiraz sapı cayı 01.jpg

Бүгінгі бағдарламамызда кептірілген шие сабағының пайдаларын тілге тиек етеміз. Кептірілген шие сабағы – дәстүрлі медицинада жиі қолданылатын дәрілік өсімдік.

Кептірілген шие сабағының пайдалары

  1. Зәр шығаруды (диуретик) жақсартады.

Шие сабақтары фитотерапияға тиімді және қауіпсіз бір диуретик ретінде ғасырлар бойы қолданыла келеді.

Ол іш жүргізетін әсерге ие және ісінудің алдын алады. Сондай-ақ дененің табиғи токсиндерден тазарту процесін қолдайды және детокс бағдарламаларында жиі таңдалатын шөп болып табылады.

  1. Зәр шығару жолдарының қабынуының алдын алады.

Күшті диуретикалық және қабынуға қарсы қасиеттерінің арқасында шие сабағы бүйректер мен зәр шығару жолдарын тазартуға көмектеседі. Шие сабағының шайы бүйректегі немесе зәр шығару жолындағы қабынудың алдын алады.

  1. Ағзадағы бүйрек тастарын кетіруге көмектеседі.
  2. Шие сабағы арықтауға көмектеседі.

Денені қалдықтар мен токсиндерден тазарту арқылы бар май мен целлюлитті жоя алады. Осылайша терінің салмақ жоғалту процесінде пішіні мен серпімділігін сақтауға көмектеседі.

Сонымен қатар ол ішек жұмысын қалыпқа келтіру және денеде судың жиналуының алдын алу арқылы салмақ жоғалтуды жеңілдетеді. Сонымен қатар шие сабағы қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға және тәбетті бақылауға көмектеседі.

  1. Оның подаграға және қабынуға қарсы қасиеттері бар.

Подаграмен ауыратын адамдарда подагра шабуылдарының төмендеуін қамтамасыз етеді.

  1. Шие сабағының етеккір мен ісінуге қарсы пайдасы.

Әйелдер етеккір кезінде денелеріндегі ісіну (ісіну) туралы шағымданады. Шие сабағын қайнатып, ішу қан айналымы мен токсиндердің шығуын жеңілдетеді және денедегі ісінуді азайтады.

  1. Тыныштандырады.

Түнде ұйықтар алдында бір кесе шие сабағын ішу сізді тыныштандыруға және стресссіз ұйықтауға көмектеседі.

  1. Простата безінің қатерсіз ұлғаюында тиімді.
  2. Кептірілген шие сабағының басқа артықшылықтары.

• Қанды тазартады, анемияның алдын алады.

• Холестеринді төмендетуге көмектеседі.

• Бауырға пайдалы.

• Іш қатумен күреседі.

• Ревматизмге, буын ауруларына жақсы.

Шие сабағын қалай кептіруге болады?

Сабақтарды пайдалану үшін алдымен оларды кептіру керек. Жеген шиенің сабағын тастамаңыз. Ылғал түспейтін құрғақ бөлмеде, күн сәулесі тікелей түспейтін бір жерде 4 күннен 1 аптаға дейін табиғи түрде кептіріңіз. Кептіруден кейін ауа өткізбейтін құмырада немесе ыдыста сақтаңыз.

Шие сабағынан шайды қалай жасауға болады?

I-шірецепт:

Кастрөлге 1 литр су мен бір уыс кептірілген шие сабағын салыңыз. Баяу отта 5 минут қайнатыңыз.

Салқындағаннан кейін сүзгіден өткізіп, бір бөтелкеге ​​толтырыңыз.

Шайды тоңазытқышта сақтауды ұмытпаңыз.

Дайындалған емді тоңазытқышта 3 күн сақтауға болады, бірақ 3 күннен кейін оны тастаған жөн. Шие сабақтарының ұнтағы болса, қайнатпай тұрғанда оларды суық сумен шайыңыз.

ІI-шірецепт:

Бір стақан қайнаған суға 20-25 дана кептірілген шие сабағын салып, баяу отта 3-4 минут қайнатып сүзіңіз. Бір апта бойы күніне 1 стакан ішу жеткілікті болады.

Бұл шайды қанша уақыт ішу керек?

Токсиндерді кетіретін және қан айналымын реттейтін әсерін пайдалану үшін күніне бір стакан тамақтан жарты сағат бұрын немесе екі сағаттан кейін ішу керек. Бұл емді бір апта қолданғаннан кейін үш күн үзіліс беріп, қайтадан бір апта ішіңіз, содан кейін емді тоқтатуға болады.

Кептірілген шие сабағы емін ерлерде қырық жастан кейін қолдануға болады.

Әйелдер болса ең ерте он бес жастан кейін бұл емді қолдана алады. Етеккір кезінде күн сайын аш немесе тоқ қарынға 1 стакан ішуге болады. Бұл шайды қайтадан қайнатып, ыстық немесе салқын тұтынуға болады.

Шие сабағы шайын күніне қанша рет ішуге болады?

Зәр шығаратын және ісінуді жоятын шие сабағы шайын күніне көптегенде 2 стакан аш қарынға тұтынуға болады. Әсіресе кешкі асқа дейін ішу ұсынылады.

Шие сабағының зияндары мен болымсыз әсері.

Шие сабағының кері әсері жоқ дейтіндей аз болғанмен шамадан тыс тұтынғанда зәр шығаруға (диуретикалық) байланысты кейбір жанама ықпал етуі мүмкін.

Шие сабағы шайын шамадан тыс тұтынған кезде кальцийдің бөлінуінің жоғарылауы себепті зәр шығару жолдарында тас бар науқастардың абайлап қолданғаны жөн.



Ұқсас жаңалықтар