Рефлюкстік ауру

«Денсаулық зор байлық» - 21

1765365
Рефлюкстік ауру

Бүгінгі бағдарламамызда «рефлюкстік ауруға арналған табиғи» шешімдерді тілге тиек етеміз.

Рефлюкстік ауру – өңеш-асқазан өткелі аймағы функциясының кемшілігі нәтижесінде асқазан бөлінісі өңешке қайта лақтыруымен сипатталатын ауру. Қысқаша айтқанда, өңеш үнемі асқазан қышқылының әсерінен өзін қорғай алмай қалады.

Рефлюкстің белгілері:

  • асқазанда күю және қышқыл шағымы,
  • ауызға қышқыл, ащы су көтерілуі,
  • кекіру,
  • ісіну,
  • жеген тағамның қайтып ауызға келуі,
  • арықтау,
  • кеудеде күю,
  • ауызда жағымсыз иіс,
  • созылмалы фарингит,
  • аллергиялық астма,
  • созылмалы гайморит пен
  • тіс кариесі

Рефлюкс кезінде тұтынылмайтын немесе аз тұтынылатын тағамдарды төмендегідей тізіп көрсетуге болады:

• өте ыстық және өте суық тағамдар,

• қою шай мен кофе,

• кола және газдалған сусындар,

• темекі,

• маргарин,

• қуырылған тағамдар, майлы тағамдар, орама, кондитерлік өнімдер, кілегей сияқты майлы соустар,

• майлы кәмпиттер, халва, локум, кептірілген жаңғақтар,

• пияз, сарымсақ, томат пастасы және ащы тағамдар,

• картоп және картоп пюресі,

• құрғақ бұршақ, ноқат, жасымық, қырыққабат, гүлді қырыққабат сияқты ішекте газдың жиналып қалуына себеп болатын тағамдар,

• цитрус жемістері, апельсин, мандарин, грейпфрут, лимон, жүзім, қарбыз және қауын,

• шоколад,

• қышқыл тағамдар,

• қызанақ,

• тұқымы бар құлпынай, көкжидек және қара жүзім.

 

Ұсынылатын тағамдар:

• ашық шай, көк шай,

• кефир, майы аз йогурт және пробиотикалық йогурт,

• қайнатылған, грильде, пеште пісірілген ет, тауық, балық,

• суда қайнатылған жұмыртқа, майы аз ірімшіктер,

• күріш, макарон өнімдері,

• пісірілген көкөністер,

• сүтті десерттер, жеміс десерттері,

• сұйық май,

• тұтас дәнді бидай немесе қара бидай наны,

• алма, алмұрт, банан, шабдалы, шие, жүзім,

• брокколи,

• сәбіз және сәбіз шырыны,

• талшыққа бай тағамдар,

• ірімшік,

• түймедақ шайы,

• бұршақ,

• зімбір, зире, кориандр, тимьян мен

• сүт рефлюкс шағымдарын азайтады.

• қантсыз сағыз шайнау рефлюкске тиімді.

 

Рефлюкс шағымдарын азайту үшін басқа да ұсыныстарды төмендегідей атауға болады:

  1. Табақтағы бөліктерді азайтыңыз: рефлюкс шағымын азайтатын тағамдарды таңдап, аз жеу керек. Бұл жағдай тағамның оңай сырғып кетуіне себеп болады.
  2. Тамақ ішкеннен кейін ұйықтамаңыз: Тамақ ішкен соң кем дегенде екі сағат жатпау керек. Өйткені осылайша асқазан мен өңеш арасындағы қысым жоғалады.
  3. Тамақты жай ішіңіз: рефлюкспен ауыратындар үшін әрбір тістегенді ұзақ уақыт шайнау маңызды. Сонымен тұрып емес, отырып тамақ ішу тиімді болып табылады.
  4. Жастықтың биіктігі 30 см болуы керек: түнде асқазан сұйықтығының кері ағып кетуіне жол бермеу үшін басын асқазан деңгейінен жоғары ұстау керек.
  5. Арықтау керек: салмағы ауыр рефлюкспен ауыратын науқастардың шағымдары әрі жиірек, әрі ауыр болады. Сондықтан лайықты салмақты сақтауға мұқият болу керек.
  6. Жиі және көп су ішіңіз: Күні бойы жиі аралықпен жұту арқылы су ішу шағымдарды азайтады.
  7. Әрекет жасаңыз: кешкі астан кейін 15-20 минуттық жүрістер науқастарды босаңсытады және өте пайдалы.
  8. Сәйкестендірілген тамақтану жоспарын жасау және тамақ ішу уақытына мән беру рефлюкс шағымдарын азайтуға көмектесетін ең маңызды егжей-тегжей болып табылады.
  9. Белді қатайтатын киімдерден аулақ болу керек.
  10. Тамақ ішкен соң бірден еңкеймеңіз.


Ұқсас жаңалықтар