Мұрын бітелуін емдеу

«Денсаулық зор байлық» - 22

1768807
Мұрын бітелуін емдеу

Бүгінгі бағдарламамызда «мұрын бітелуін емдеуге арналған табиғи» шешімдерді тілге тиек етеміз.

Мұрын бітелуінің өмір сапасына теріс әсер ететін факторлардың қатарында екені даусыз. Мұрын бітелуі ұйқыға кедергі келтіретін және тыныс алуды қиындататын бір фактор болып табылады.

Мұрынның бітелуіне не себеп болады?

Мұрынның бітелуін емдеу үшін алдымен оның себебін анықтау керек. Ең жиі кездесетін себептер:

· суық тию,

· маусымдық өзгерістер,

· поллиноз (өсімдік пен шөп тозаңы және осіс — ауру),

· алкоголь,

· ісіну,

· аллергия,

· ащы тағам,

· гормоналды өзгерістер,

· мұрындағы бөгде зат,

· гипертония,

· тұмау,

· кәсіптік астма,

· синусит,

· жүктілік,

· мұрын полиптері,

· ұйқыдағы апноэ,

· қалқанша безінің бұзылуы.

Мұрын бітелуі үшін табиғи емдеу ұсыныстарыyтөмендегідей атауға болады;

Зімбір шайы

Зімбір шырышты қабаттың сұйықтығын арттырады және мұрын жолдарын ашуға мүмкіндік береді. 2 стакан суды қайнатып, оған 2 шай қасық зімбір ұнтағын қосыңыз. Оны 10 минутқа қалдырыңыз, содан кейін оны сүзгіден өткізіп, бір стақан ішіңіз. Қалғанын сүлгі, дәке немесе мақтаны ыстық зімбір шайына малып, мұрныңыздың үстіне салыңыз.

Алма сірке суы

Алма сірке суы шырышты жұқартып, бактериялардың көбеюінің алдын алады. Бір стақан жылы суға 1 шай қасық бал мен 1 ас қасық алма сірке суын араластырыңыз. Дайындалған қоспаны ішу арқылы кептелудің алдын алуға болады.

Жалбыз эфир майы

Жалбыз да мұрын бітелуіне пайдалы тағамдардың бірі. Күні бойы жағаңызға жалбыз эфир майының 2 тамшысын тамызсаңыз, кептелісті басуға болады.

Мұрын массажы

Массаж дұрыс жасалған кезде қан ағымын жылдамдатады. Бір ас қасық жалбыз эфир майы мен зәйтүн майын жылытыңыз. Саусақтың ұшымен мұрын мен қастың айналасын уқалаңыз. Мұрынның жоғарғы жағындағы бүйірлерден басыңыз. Осы кезде ауызбен дем алыңыз.

Бу ваннасы

Мұрынның бітелуіне арналған табиғи шешім әдістері арасында буды қолдану келеді. Қайнаған суға бірнеше тамшы жалбыз эфир майын, эвкалипт эфир майын және түймедақ сияқты тыныштандыратын шөптерді қосып, дем алуға болады. Осылайша мұрынның бітелгені бу әдісімен ашылады.

Пиязды иіскеу

Пияз тілімдерінің бірнеше бөлігін алып, оны төрт-бес минут бойы иіскеп көріңіз, мұрын жолыңыздың ашылғанын сезінесіз.

Қолмен әдіс

Алғашқы қадам:Тіліңіздің ұшын аузыңыздың ішкі бөлігінің ең биік нүктесіне тигізіңіз.

Екінші қадам:Орта және сұқ саусақты біріктіріп, қасыңыздың дәл ортасында алға және артқа қозғалыстар жасаңыз.

1-ші және 2-ші қадамдарды кезекпен 20 секунд бойынша орындаңыз.

Тағы бір ұсыныс болса деміңізді жібермей ұстаңыз. Мұрныңызды тығындап, басыңызды артқа еңкейтіңіз, бірақ тым көтермеңіз. Өзіңізді жайсыз сезінетін кезде саусақтарыңызды алыңыз.

Мұрын бітелуінде тиімді болуы мүмкін басқа әдістер:

· Зімбір мен жалбыз сияқты өсімдік шайлар мұрын бітелуін жеңілдетуге көмектеседі.

· Темекі шегу мұрынның бітелуін тудырады. Сондықтан темекі шегуді доғарыңыз.

· Тұздалған су - мұрын бітелуінің ең тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан теңізде жүзе аласыз немесе медициналық қол жетімді теңіз және мұхит сулары бар мұрынға арналған спрейді қолдана аласыз.

· Суды көп ішу мұрынның шырышты қабығын ылғалдандыруға көмектеседі.

· Кондиционер немесе радиатормен жылытылған жерлерде ауа кебеді. Бөлмеге суық бу машинасын немесе қайнаған суды қою, радиатордың үстіне қол орамалды сулап салу ауаның ылғалдылығын сақтайды.

· Мұрын бітелуі аллергиялық болса, тозаң маусымында есіктер мен терезелерді жабық ұстаңыз.

·  Желді және құрғақ күндерде көшеге шықпауға тырысыңыз.

· Жылы суға түсу арқылы бронхтар мен денеңізді жеңілдете аласыз.

· Ыстық су және ментолмен бу жасауға болады.

· Жатқанда мұрынның ісінуі күшейеді. Бұл жағдай адамның нашар ұйықтап, таңертең тынығусыз оянуына әкеледі. Бұған жол бермеу үшін түнде ұйықтап жатқанда биік жастық қолдану керек.

Тағы бір маңызды мәселе:

Мұрын бітелуі аурудың симптомы болып табылады. Сондықтан оның негізгі себептерін анықтап, емдеу керек. Егер сізде мұрын бітелуінен басқа белгілер болса, мүмкіндігінше тезірек дәрігермен кеңесіңіз.



Ұқсас жаңалықтар