Суықта жарылған қолдарға арналған табиғи шешімдер

«Денсаулық зор байлық» - 24

1776159
Суықта жарылған қолдарға арналған табиғи шешімдер

Бүгінгі бағдарламамызда «Суықта жарылған қолдарға арналған табиғи» шешімдерді тілге тиек етеміз.

Суық ауа райының келуімен терінің құрғауы бірден пайда болады. Әсіресе сезімтал терісі бар адамдар үшін қыста тері тым құрғақ болған кезде ол жарылып, экзема тудыруы мүмкін. Қолдың жарылуы нәтижесінде тері бетінде қан кетуі мүмкін.

Қолдары жарылғандар жуғыш заттар мен сабын сияқты химиялық өнімдерді қолдануда абай болу керек. Созылу белгілері бастапқыда емделуге болатын сияқты көрінгенімен, елеусіз қалғанда олар экземаға айналады.

Жарылған қолдарыңызға қолдануға болатын табиғи ұсыныстарды төмендегідей атауға болады:

1. Терінің ылғалдылығын сақтау үшін күніне орта есеппен 2 литр су ішу ұсынылады.

2. Ұйықтар алдында қолыңызға зәйтүн майын жағуға болады. Қолыңызды уқалау арқылы зәйтүн майын жағып, қолғап немесе шұлық кию таңға дейін қолыңызды жұмсартады.

3. Зәйтүн майына балама табиғи-органикалық сары май болуы мүмкін. Қолыңыздың үстіңгі жағына, сызатыңызға жаққан сары май сызаттарды жояды және бірден қолыңызды жұмсартады. Тұрақты қолдану теріңізді қорғайды.

4. Шай ағашының эфир майы, тәтті бадам майы, күнжіт майы, кокос майы сияқты теріге пайдалы майларды қолдануға болады. Әсіресе суық және салмақ қосқан немесе арықтаған кезде теріде байқалған барлық сызаттарға бұл майлар өте тиімді нәтиже береді.

5. Күндізгі уақытта қолдың бетіне ылғалдандыратын крем жағу арқылы жарықтардың алдын алуға болады. Ылғалдағышты қолданған кезде оны әсіресе тырнақ бөлігіне жағуды ұмытпағаныңыз жөн.

Суыққа қарсы құрғақ және жарылған қолдарға арналған органикалық қоспаларды төмендегідей атауға болады:

Зәйтүн майы және лимон шырыны

1 ас қасық зәйтүн майы мен 1 ас қасық лимон шырынын араластырып, қолыңызға жағыңыз.

Бадам майы және бал

Пеште немесе жылытқышта 1 ас қасық бадам майын аздап қыздырып, 1 шай қасық сұйық балды ерітіңіз. Осы жылы қоспамен қолдарыңыз және тырнақтарыңызды уқалаңыз. Бұл қоспаны түн сайын ұйықтар алдында жағуға болады.

Авокадо және бал

Қабығын аршып, тұқымын алып тастаған авокадоны шанышқымен езгеннен кейін бір шай қасық сұйық бал қосып, кремді консистенцияға жеткенше араластырыңыз. Қолыңызға жақсылап жағыңыз, теріге майды сіңіру үшін 30 минутқа қалдырыңыз.

Сүтке түймедақтың белгілі бір мөлшерін салып, оны қайнату өте маңызды. Сүзгіден өткізілген қоспаға таңқурай тұқымы мен зәйтүн майын қосу керек. Бұл қоспамен қолды уқалауға болады.

Бір шай қасық балды кофеге арналған бағыр ыдыста ерітіп, оған екі ас қасық күнжіт майын қосу керек. Содан кейін бір ас қасық бадам майы мен ас қасық глицерин қосыңыз. Кремді консистенцияға жеткен қоспаны банкада сақтауға болады. Түнде ұйықтар алдында креммен қолды уқалау және мақта-мата қолғап кию арқылы қолдау керек.

Раушан суы

Раушан суына бірнеше тамшы бадам майын қосып, күн сайын 15 минут қолыңызды осы суға салуға, кейін оны қағаз сүлгімен кептіруге болады.

Ылғалдандыратын тағы басқа қоспаны былай дайындауға болады:

- 1 пісірілген картоп

- 1 шымшым түймедақ (құрғақ)

- 1 шай қасық вазелин

Қайнатылған картоп пюре жасалады. Оған вазелин қосылады. Жақсылап араластырған соң кептірілген түймедақ гүлдерін қосып, қайтадан араластыру керек. Қоспаны қолыңызға жағып, мақта-мата салфеткасымен орап, жарты сағатқа қалдырыңыз және жылы сумен шайыңыз. Аптасына бірнеше рет қолданған кезде созылу белгілері жоғалады.

Нәрестеге арналған опа және глицерин

Бұл қолға жағатын қоспа үшін 1 шай қасық глицерин мен 1 шай қасық нәрестеге арналған опа араластырыңыз. 1-2 тамшы зәйтүн майын қосуға болады. Қоспаны кремді консистенцияға жеткізіңіз. Осылайша сіз оны ұзақ уақыт сақтап, қайта-қайта пайдалана аласыз.

Йогурт және сұлы

Йогурт пен сұлы қоспасының құрамына 1-2 тамшы лимон шырыны қосуға болады; осылайша одан тиімдірек қалпына келтіруге қол жеткізе аласыз.

Кофе маскасы

Кофенің түбінде қалған ұнтақтарды қолыңыздың үстіңгі жағына және тырнақтарыңыздың шеттеріне уқалаңыз, 5 минут күтіп, жылы сумен жуыңыз.

Сондай-ақ жарықшақтардың алдын алу үшін келесі қоспаны дайындауға болады.

- 3 ас қасық раушан суы

- 3 шай қасық бадам майы

- 2 шай қасық лимон шырыны

- 1 шай қасық табиғи алма сірке суы

Барлық материалдарды ыдысқа қойып араластырады. Қоспа массаж түрінде қолдарға жағылады. Қолдарыңыз масканы жақсы сіңіруі үшін қолдарыңызды созылатын пленка және мақта-матамен ораңыз немесе қолғап киюге болады. 30 минут күткеннен кейін оны жылы сумен жуу жеткілікті.

 



Ұқсас жаңалықтар