Ішектің кебуін емдеуге арналған табиғи ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 27

1788738
Ішектің кебуін емдеуге арналған табиғи ұсыныстар

Бүгінгі тақырыбымыз: Ішектің кебуін емдеуге арналған табиғи ұсыныстар.

Ас қорыту жүйесіндегі кейбір келеңсіздіктерге байланысты ішектің кебуі көпшілік үшін проблемаға айналады.

Ішектің кебуіне не себеп болады?

• Ағзаның тағамға төзімсіздігі, аллергия,

• Ұзақ уақыт қозғалмау,

• Ауа жұту,

• Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағамдарды тұтыну,

• Жоғары талшықты тағамдарды көп мөлшерде тұтыну,

• Тамақты үлкен тістеп жеуге болмайды,

• Тамақты дұрыс шайнамай жұту,

• Ішектегі денсаулық проблемалары,

• Аяқтар мен ішектен бастап дененің ұзақ уақыт бойы суыққа ұшырауы,

• Майлы және ащы тағамдарды тұтыну,

• Сүтті шамадан тыс тұтыну,

• Газдалған және қантты сусындарды шамадан тыс тұтыну,

• Зиянды әдеттер ішектің кебуін тудыруы мүмкін.

Ішектің кебуіне арналған табиғи ұсыныстар:

  • Зімбір

Зімбір - іштің ауырсынуы және ішектің кебуіне байланысты пайда болған ауырсынуды азайтатын ең тиімді шөп ерітінділерінің бірі. Дегенмен зімбір шамадан тыс тұтынылған кезде асқазанды ауыртуы мүмкін. Сондықтан оны сақтықпен қолданған дұрыс.

Зімбір қабығын ашып үгітілген немесе жұқа тілімдеген соң шәйнекке салып, қою шай сияқты әзірленеді. Дегенмен зімбір шайын дайындайтын кезде суын қайнатуға болмайды. Қайнаған су зімбірдің коректік құндылығын жоятындықтан, жылытылған суды қайнамай тұрғанда оның үстіне құйып алу керек.

Зімбір шайын қайнатқанда фарфордан жасалған шәйнекті қолданған жөн. Қайнатылған шайды көп күтпей ішу керек. Зімбір шайын дайындаған кезде лимонды тілімдеп шәйнекке қосуға болады.

  • Зире

1 стакан суға 1 шымшым зире салып, 10 минут тұндырған соң бұл шайды сүзіп алып тамақтан кейін қолданыңыз, қаласаңыз 1 шай қасық сүт араластырып ішуге болады.

  • Сірке суы

1 стакан жылы суға шамамен 1 ас қасықтай алма сірке суын қосып, ішуге болады.

  • Аскөк тұқымдары

Аузыңызға бірнеше аскөк тұқымын алып, шайнау немесе қаласаңыз шайын демдеу арқылы одан пайдалана аласыз.

  • Даршын

Ауырсынуды басу қасиетімен даршын ішектің кебуі салдарынан туындаған ауырсынуды басады және асқазан мен ішектің босаңсуына көмектеседі. Даршынды да дәл зімбір сияқты шайын демдеуге, сондай-ақ йогуртқа қосып жеуге болады.

Даршын шайын қалай қайнатуға болады?

Даршын шайын даршынның ұнтағы және қабығынан жасауға болады. Даршын қабығынан шай қайнатқан кезде қабығын суға аздап жуып, даршын шыбығын төрт немесе бес кішкене бөлікке кесу керек. Қайнаған су даршын қабығына құйылады және 10 минутқа қалдырылады. Бұл жерде маңыздысы даршын қабығын сумен бірге қайнатпай, демдеу керек. Даршын қабығын суға қайнатқанда әрі дәрумені, әрі дәмін жоғалтады. Даршын шайының нағыз өлшемі 1 кесе суға орташа бір даршын таяқшасын пайдаланған жөн. Шай қайнату кезінде ұнтақ даршын қолданылатын болса, 1 кесе суға 1,5 шай қасық ұнтақ даршын қолданылуы керек. Қайнатылған даршын шайын тәттілеу үшін бал пайдалануға болады.

  • Ас содасы

1 стакан жылы суға 1 немесе жарты шай қасық қосып, араластырып ішуге болады.

  • Ыстық суға арналған бөтелке

Ыстық су бөтелкесін ауыратын жерге мұқият салып, шамамен 5 минут күтуге болады.

     • Жаттығу

Шалқадан жатып, жартылай пресс жасаңыз немесе жаттығуды шалқасынан жатқан кезде аяқтарыңызды тізеде бүгіп, асқазанға қарай тарту арқылы орындауға болады.

  • Түймедақ, жалбыз, анис және кардамон шайларын да шөп шайы ретінде пайдалануға болады.

Іштің кебуі және ісінуді жоятын кейбір ұсыныстар былай:

Тамақты аз жеу өте пайдалы болуы мүмкін.

Тамақты жақсы шайнау аса маңызды. Кішкене бөліктерде жақсылап шайнап жұтылатын ауаның мөлшерін азайтады.

Қай тағамдардың одан көбірек ішектің кебуіне немесе ісінуіне себеп болғанын білу үшін бір тамақ тізімі жасау керек.

Сағыз шайнау, сабан тал (соломинка) пайдалану, сөйлескенде немесе асығыс тамақ ішу де ауаны жұтуға себеп болғандықтан, ішектің кебуіне жол ашады.

Ішек кебуді тудыратын тәттілендіргіштен аулақ болу керек.

Іш қатуды, ісінуді және кебуді арттырады. Суды тұтыну және физикалық белсенділікті арттыру іш қатуға қарсы тиімді болуы мүмкін.

Пробиотикалық қоспалар ішектегі бактериялық ортаны жақсартқаны үшін кебу мен ісіну шағымын азайтуға көмектеседі.



Ұқсас жаңалықтар