Тізе ауруын емдеуге арналған табиғи ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 28

1792778
Тізе ауруын емдеуге арналған табиғи ұсыныстар
diz ağrısı-1.jpg

Бүгінгі тақырыбымыз тізе ауруына арналған табиғи ұсыныстар.

Тізе ауыруы - көптеген адам бастан кешетін денсаулық проблемаларының бірі ғана. Егер тізе ауруы сияқты бір мәселеңіз бар деп күдіктенсеңіз, алдымен дәрігерге барып, қажетті тексеруден өтіңіз және оның ескертулеріне сәйкес емдеу процесін бастаңыз.

Тізе ауыруына арналған кейбір табиғи ұсыныстар:

Суық терапиясы

Әсіресе кенеттен бір соғу немесе құлау нәтижесінде басталатын бір тізе ауруы болса, ауырған жерге суық қолдану арқылы бұл ауыруды азайтуға болады. Ол үшін мұздатқыштан мұздың бірнеше бөлігін бір сөмкеге салып, таза бір шүберекпен орап, ауырған жерде біраз уақыт ұстауға болады.

Бамия тұқымы

Бамия тұқымы сүйек, бұлшықет пен буындар үшін маңызды қолдау көрсетеді.

Әсіресе тізедегі сұйықтықтың жоғалуы себепті пайда болған тізе ауруы үшін бамия тұқымы шайын тұтынуға болады. Жүйелі түрде қолданылғанда тізе ауыруын басатын бұл шайды 2 апта бойы ішкеннен кейін кем дегенде 1 апта үзіліс жасап, кейін қайта жалғастыруды ұмытпаңыз.

Бамия тұқымдарын дәл кофе дәндері сияқты ұнтақтап, оған ыстық су қосып, кофе дайындағандай қайнатуға болады.

Басқаша әдіс ретінде бір стақан бөлме температурасындағы суға 9-10 бамия тұқымын салып азанға дейін осылай қалдырыңыз, ал таңертең оянғанда ішуге болады.

Сондай-ақ 9-10 бамия тұқымын тартқыштан өткізіп ұнтақтайды. Оған 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық зәйтүн майын қосып, паста консистенциясы сияқты бұл қоспаны күніне 1 шай қасықтан тұтынады. 1 апта жүйелі түрде қолданғаннан кейін кем дегенде 1 апта үзіліс жасап, осылайша 2-3 ай бойынша қолдануға болады.

Зімбір және зімбір майы

Егер тізе ауыруының себебі қабыну болса, зімбір майымен бұл ауырсынуды азайтуға болады. Тізе қақпағы және айналасына бірнеше тамшы зімбір майы тамызып, жағыңыз. Айналмалы қозғалыстармен массаж жасап, майдың әсерін көрсетуін күтіңіз. Таза немесе ұнтақталған зімбір шайын қайнатып, ішуге болады немесе оны бал және зәйтүн майы сияқты ингредиенттермен араластыру арқылы тұтынуға болады.

Куркума және куркума майы

Ауырған жерге куркума эфир майын мұқият жағуға болады. Сондай-ақ күнделікті түрде бір шай қасық куркума ұнтағын бір кесе табиғи йогуртпен араластыру арқылы тұтынуға болады.

Шынар жапырағы

Әсіресе кальцинация мен ревматизмге қарсы тиімді шынар жапырағының осы әсерлерінен пайда алу үшін оны дәл шай сияқты қайнатып, демдеуге болады, алынған қара қайнаған суды теріге тиетін температураға жеткенде, оны ауыратын жерлерге жағып, күтуге болады.

Шынар жапырағы шайы

1 стакан суды қайнатып, оны стаканға құйыңыз. Сосын үстіне 1-1,5 ас қасық кептірілген шынар жапырағын салып, 10 минут бойы осылай тұндырыңыз. Содан кейін оны сүзіп, ішіңіз.

Алма сірке суы - зәйтүн майы

Тізе ауруына алма сірке суы және зәйтүн майы қоспасымен ең табиғи емді қолдануға болады. Алынған қоспамен тізе айналасына уқалау арқылы массаж жасаңыз және теріңіздің қоспаны сіңіруін күтіңіз.

Тізе ауыратын күндерде бір шай қасық органикалық алма сірке суы мен бір стақан судың қоспасын ішуге болады.

Қыша майы

Тізе айналасына қыша майының бірнеше тамшысын тамызып, осы жерді уқалау арқылы сіңіріңіз.

Балдыркөк йогурты

Денедегі тым көп зәр қышқылының жиналуы себепті тізеде ауырсыну болуы мүмкін. Мұндай сәттерде балдыркөк қосылған йогуртты тұтыну ұсынылады.

Балдыркөкті үккіштен өткізіп, йогуртпен салат дайындаңыз. Тізеңіз ауырған күні бұл салатты тұтыныңыз. Балдыркөк несеп қышқылдарының жылдам жойылуын қамтамасыз етеді.

Итмұрын шайы

Итмұрын шайының ауруды басатын қасиеті бар. Тізеңіз ауырған кезде итмұрын шайын ішіңіз, сол кезде ауырғаны басылады.

Кокос майы

Бұл тиімді және пайдалы майдың тізе қақпағы мен буын ауруын емдеу қасиеті бар. Құрамындағы дәрумендердің арқасында ауырсынуды жеңілдетеді.

Жалбыз майы

Тізе қақпағына жағылатын жалбыз майы ауырған жерді бірнеше секундта босаңсытады.

Док. Мехмет ​Учар



Ұқсас жаңалықтар