Есте сақтау қабілетін сақтаудың табиғи жолдары

«Денсаулық зор байлық» - 29

1796752
Есте сақтау қабілетін сақтаудың табиғи жолдары

Бүгінгі тақырыбымызда “Есте сақтау қабілетін сақтаудың” табиғи жолдарын тілге тиек етеміз.

Күні бойы ішіп-жейтініміз мидың жұмыс қарқыны мен тиімділігіне тікелей әсер етеді. Ол біздің ақпарат қоймасы болып табылатын есте сақтау қабілетін дамытуда да маңызды рөл атқарады. Қоректік заттардың жетіспеушілігі және сапасыздығы ми функцияларын бұзуы мүмкін.

Жадты күшейтетін табиғи ұсыныстарымызды төмендегідей атауға болады:

  • Omega-3

Лосось, форель, бонито, сардина сияқты омега-3 майлары жоғары балықты тұтыныңыз. Өйткені омега-3 майы альцгеймер ауруы қаупін азайтады, есте сақтау қабілетінің жоғалуының алдын алады, мидың дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі және жүрек ырғағын реттейді. Серотонин гормонын бөлетін омега-3 майы адамның өзін жақсы сезінуіне ықпал етеді.

  • Жасыл жапырақты көкөністер

Қырыққабат, шпинат және брокколи сияқты жасыл жапырақты өсімдіктер миға пайдалы тағамдар болып табылады.

  • Қызанақ

Антиоксиданттарға бай қызанақ ұмытшақтыққа пайдалы тағамдардың қатарында.

  • Грек жаңғағы, орман жаңғағы және жержаңғақ

Протеин және денсаулыққа пайдалы май көзі болып табылады. Дегенмен жержаңғағының аллергиялық ерекшелігі мен жоғары калориялы екенін ұмытпаңыз. Сондықтан күніне 15/20 дана тұтыну жеткілікті.

  • Асқабақ тұқымдары

Өте пайдалы болып табылатын асқабақ тұқымы магнийге, темірге, мырышқа және мысқа бай. Мырыш тапшылығы альцгеймер және депрессия сияқты ауруларды тудыратыны белгілі.

  • Даршын

Зейініңізді реттеп шоғырлануыңызды арттыратын даршын есте сақтау қабілетін де күшейтеді.

  • Жұмыртқа

Зейін күшіңізді арттыру үшін азанда бір дана жұмыртқа диетаңызда болу керек.

  • Жемістер

Аптасына екі немесе одан да көп құлпынай мен көкжидек тұтыну есте сақтау қабілетінің әлсіреуін кешіктіреді.

  • Тұтас дәнді дақылдар

«В» тобындағы дәрумендердің көзі болып табылатын дәнді дақылдар мидың функцияларын қорғау және мықты бір есте сақтау қабілеті үшін қажет.

  • Көк шай

Холестерин мен гомоцистеинді азайту арқылы ми функцияларын қорғауды қамтамасыз етеді.

  • Толық дәнді тағамдар

Ми функцияларының энергиялық қоймасы болып табылатын тұтас астық өнімдері назар аударуға кемшілігін азайтады. Сондай-ақ қан айналымын да реттейді.

  • Йогурт

Кальцийге бай йогурт есте сақтау қабілетін нығайтуға көмектеседі. Йогурт немесе басқа сүт өнімдерін күніне кем дегенде 2 порция (сүт немесе йогурт) тұтыныңыз.

  • Көкжидек

Қою қызыл және күлгін түсті жеміс мен көкөністерді тұтыну есте сақтау қабілетін жақсартады және қысқа мерзімді есте сақтау қабілетінің жоғалуының алдын алады. Көкжидек солардың бірі ғана. Ол стрессті де азайтады.

  • В дәрумендері

В6 және В12 дәрумендерін тұтыну, әсіресе инсульт, деменция және альцгеймер ауруы қаупін азайтады. В дәруменіне бай тауық, балық, жұмыртқа және жасыл жапырақты өсімдіктерді тұтыну маңызды.

  • Қарақат

Оның құрамындағы С дәрумені ақыл-ой икемділігін береді. Ол жасқа байланысты деменция мен альцгеймер ауруынан қорғайды. Қарақатпен қатар цитрус жемістері мен брокколи де бұл қорғанысты қолдайды.

  • Кофе

Кофеин ми функцияларының жоғары өнімділікпен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ол есте сақтау қабілетін сақтайды және оны жақсартады. Бұған күніне екі кесе кофе көмектеседі. Дегенмен кофені көбірек тұтыну ұсынылмайды.

  • Қызанақ

Қызанақ ағзадағы жасушалардың жаңаруын жылдамдатады және есте сақтау қабілетін күшейтеді. Бұл ерте деменция мен ішінара Альцгеймер ауруының алдын алуға көмектеседі. Оны жиі тұтыну керек.

  • Асқабақ тұқымдары

Мырышқа бай және құрамында көптеген минералдар бар асқабақ тұқымдары мидың досы болып табылады.

  • Брокколи

Ол жүйке жүйесін қуаттандырады, рефлекстеріңізді күшейтеді және мидың дамуын жылдамдатады. Ол сондай-ақ ағзадағы токсиндерді кетіруге үлкен үлес қосады.

  • Шалфей

Шалфей есте сақтау қабілетіне көп әсер етеді. Әсіресе назар аудару қиынға соғатындар үшін бірінші кезектегі табиғи құрал. Екінші жағынан бұл күнделікті стрессті азайтады.

  • Спорт және жаттығу

Спортпен айналысу, серуендеу немесе жүгіру мидың жұмыс істеуіне ықпал ететін тағы бір фактор.

Док. Мехмет ​Учар



Ұқсас жаңалықтар