Иммунитетті күшейтетін маңызды кейбір табиғи ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 32

1808317
Иммунитетті күшейтетін маңызды кейбір табиғи ұсыныстар

Жеткілікті және теңдестірілген диетаны сақтау керек

Иммунитетті күшейтетін тамақтану алдымен теңгерімді тамақтанудан басталады. 4 тағам тобынан жеткілікті тамақтану қажет.

Мыналар; сүт және оның өнімдері, ет тобы, көкөніс-жеміс тобы және жарма. Әсіресе түрлі-түсті көкөністер мен жемістер антиоксидант пен талшықты құрамына байланысты құнды болып табылады.

Әсіресе пиязды, сарымсақты, қырыққабатты, тұрып тәрізді көкөністерді, брокколиды, анар, апельсин және авокадодан бастап көкөністер мен жемістерге тағамдық бағдарламаңызда барлығын алуан түрлі етіп қосу керек. Пробиотиктер үшін йогурт, кефир, маринадталған қияр және сірке суы сияқты ашытылған өнімдерді қолдануға болады.

Ұйқыға назар аудару керек

Ересектер күніне кемінде 7 сағат ұйықтауы керек. Ұйқы иммунитет жүйесі мен дененің денсаулығы үшін маңызды.

Тұрақты жаттығу

Ғылыми зерттеулер жаттығу жасаудың иммундық жүйені қозғағанын көрсетеді. Жүйелі түрде жаттығу жасау – иммунитетті күшейтетін әсері бар табиғи әдіс.

Қант пен көмірсуларды тұтынғанда абайлау керек

Көмірсулар ретінде қарапайым яғни дастархандық қант пен қанттан жасалған тағамдарға қажеттілігіміз жоқ, өйткені ол иммундық жүйемізді басады.

Протеинді қабылдау жеткілікті деңгейде сақталуы керек

Иммундық жүйе бөлетін антиденелер табиғатта ақуыз болып табылады. Ақуызды қабылдауды тиісті деңгейде ұстау керек. Ет, тауық, балық, күркетауық, жұмыртқа, сүт өнімдері, бұршақ дақылдарында ақуыз бар.

Аптасына 3 порция балықты тұтынған жөн

Омега 3 май қышқылдары да иммундық жүйемізді нығайтуда маңызды рөл атқарады. Балықтан бастап, бақша қараоты және жаңғақта кездеседі. Балықты грильде немесе пеште тұтыну керек. Аптасына 3 порция тұтынуға болады.

Куркума тұтыну иммундық жүйені күшейтеді

Ағзаны токсикалық әсерлерден қорғайтын бұл «сары керемет» иммундық жүйені күшейтетін және жасушалардың жойылуының алдын алады. Аурулардың жазылуын тездетеді.

Антиоксидант құрамымен қабынудың алдын алады. Оны күн сайын тұтынуға болады. Бір стақан сумен куркума тамырының бір бөлігін қайнатып, оған лимон сығуға болады. Сондай-ақ қара бұрышпен бірге сорпаларыңызға дәмдеуіш ретінде пайдалана аласыз.

Майлы дақылдарды диетаға тұрақты қосу керек

Майлы дақылдардан шикі жаңғақ, шикі орман жаңғағы және шикі бадам Е дәрумені, өсімдік май қышқылы және әртүрлі минералдық құрамы тұрғысынан пайдалы. Майдың бір түрі ретінде әсіресе зәйтүн майы, кокос майы, авокадо майы күшті антиоксиданттар болып табылады.

Д дәруменіне назар аудару керек

Д дәруменінің деңгейін арттыру үшін күнді пайдаланыңыз. Қажет болса, дәрігердің кеңесімен қоспаларды қолданыңыз.

Суды көбірек тұтыну керек

Суды көп тұтыну ағзадағы токсиндерден арылу және метаболизмді қалпына келтіру маңызды. Токсиндерді кетіру, ас қорыту жүйесін тазарту және аурулардың алдын алу үшін күніне кемінде 10-12 стакан су ішу керек.

Кефир

Құрамындағы тірі пайдалы бактериялармен ас қорыту жүйесін реттейді. Кефирді тұтыну иммунитетті нығайтады, тұмау мен суықтың алдын алады. Кефир ішуді ұнатпайтындар бір стақан кефирге жарты бананды сүзгіден өткізіп, үстіне даршын сеуіп дәмді етіп жасауға болады.

Қызыл бұрыш

Қызыл бұрыш иммунитетті нығайтады, қан айналымын жылдамдатады сондай-ақ антиоксидант қоймасы болып табылады, дененің төзімділігін арттырады. Мигреньнің алдын алады және ауырсынуды жеңілдетеді. Оны йогуртпен араластырып жеуге де болады.

Цитрус:

Мандарин, апельсин, лимон және грейпфрут сияқты цитрус жемістер С дәруменіне бай тағамдар болып табылады.

Йогурт

Табиғи йогурт құрамында ішекке пайдалы көптеген пайдалы микроорганизмдер бар. Ішек флорасын реттейтін бұл бактериялар ағзаға сырттан кездесетін токсин мен патогендерге қарсы қорғанысты күшейтеді.

Сарымсақ

Сарымсақтың иммунитетті күшейтетін қасиетін пайдалану үшін ұзақ уақыт жылуға ұшырамаған шикі сарымсақтарды пайдалануға болады.

Иммунитетті күшейтетін шайлар:

Көк шай

Зімбір шайы

Шалфей шайы

Иммунитетті қолдайтын қоспаларға мыналар жатады:

С дәрумені,

D дәрумені,

В6 дәрумені, аюбадам (ырғай)

Дегенмен дәрумен қажеттілігіңізді мүмкіндігінше көкөністер мен жемістерден қамтамасыз ету өте маңызды.

 

Дәрігер Мехмет Учар.



Ұқсас жаңалықтар