Қанның құрамындағы қанттың азаюы (гипогликемия)

«Денсаулық зор байлық» - 33

1811811
Қанның құрамындағы қанттың азаюы (гипогликемия)

Бүгінгі бағдарламамызда «қанның құрамындағы қанттың азаюына(гипогликемия) арналған табиғи» шешімдерді тілге тиек етеміз.

Қанның құрамындағы қанттың азаюы «гипогликемия» деп аталады. Бұл жағдайды тудыратын көптеген факторлар бар. Күн ішінде жейтін тағамдар мен сіз жасайтын әрекеттер қанттың төмендеуіне әкелуі мүмкін.

- Егер адам тамақтың мезгілін өткізіп алған кезде ашуланшақтық, ренжу, мазасыздық және ұқсас психикалық проблемалар сезінсе,

- Тамақ ішкенде әлсіздік күйі басталып, энергияны жоғалту процесі ең жоғары деңгейге жетсе,

- Күндіз жиі шаршау байқалса және бұл әлсіздікті қанты көбірек қосылған кофе немесе шай ішу арқылы өткізу қажеттілігі сезінсе, гипогликемия қаупі өте жоғары деген сөз.

Қанның құрамындағы қанттың азаюына (гипогликемия) арналған табиғи ұсыныстар былай:

Алманы тұтыну

Алманың құрамындағы пектин заты қандағы қантты теңестіру міндетін атқарады. Қандағы қант азайғанда бір дана алма жеу арқылы қантты теңестіруге болады және естен тану ықтималын болдырмайды. 

Қызанақты назардан тыс қалдырмау керек

Қызанақ қандағы қантты тамаша теңгерімге келтіретін бір тағам. Күндізгі уақытта қандағы қанттың азаюының алдын алу үшін таңғы аста шикі қызанақ жеуге болады. Сонымен қатар уақыты тығыз өмір сүретіндерге, сэндвич арасында немесе салатта қызанақ пен қияр жеу арқылы шаршаудың алдын алуға болады.

Десерт қажеттілігі

Аз мөлшерде болу шартымен құрма, кептірілген қара өрік тұтынуға болады. 

Бір шай қасық органикалық бал

Күндіз шаршағанды сезініп, тамақ ішуге мүмкіндік таппаған кезде, бір шай қасық балмен қандағы қант азаюының алдын алуға болады.

Бал – қуат беретін және қанда азайған қант деңгейін қалпына келтіретін бір тағам.

Сүт ішу пайдалы  

Қандағы қанттың азайғанын сезген кезде, бір стақан сүт ішу арқылы өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Бұған қоса; 

- Жеңіл тағам ретінде ұзақ уақыт тоқ қалу және қандағы қантты теңестіру үшін йогурт немесе айран ішу өмір сүру сапасын арттырады.

- Гипогликемияның алдын алу немесе емдеу үшін дайын немесе жаңа сығылған жеміс шырындарынан аулақ болу керек, кептірілген жемістердің орнына таза жемістерді тұтыну керек. 

- Кептірілген бұршақтар - қандағы қанттың кенеттен көтерілуін және төмендеуінің алдын алатын керемет тағамдар. Әрбір тағамда бұршақ дақылдарын жеу немесе салаттарға қайнатылған күйде қосу керек. 

- Тамақтану алдында және тамақ кезінде 1 стакан су ішіңіз. Осылайша тағамның қанға жылдам араласуын тоқтатуға болады. Бұл қандағы қант теңгерімін сақтау үшін маңызды. 

- Авокадо - қандағы қанттың азаюына жол бермейтін баламалардың бірі. Қанттың азаюын қант жеу арқылы емес, авокадо жеу арқылы болдырмауға болады. 

- Бадам, пісте және жаңғақтар қуырылмаған күйде реактивті гипогликемияда ұйықтауға бейімділіктің алдын алатын денсаулыққа арналған табиғи дәрілер. 

Гипогликемиядан зардап шегетін адамдар ұстанатын тамақтану ережелері келесідей: 

- Ақ нан, картоп пюресі, пицца, ақ күріш палауы, десерттер, әсіресе ұнды, қантты, тәттілерді мүлдем жеуге болмайды немесе өте аз тұтыну керек. 

- Кофе, шай сияқты кофеинге бай сусындарды шектеулі мөлшерде тұтыну керек. Алкогольсіз сусындар, салқын шай, тез дайындалатын жеміс шырындары және кола сусындарынан аулақ болу керек. Жеміс қажеттілігін жаңа піскен жемістерден қамтамасыз еткен жөн және жемістерді шамадан тыс тұтынудан бас тарту қажет. 

- Жиі және аз тамақтануды үйрену маңызды. Тамақтану аралықтарын 2,5-3 сағаттан артық ұзартпау керек, тамақ мезгілін өткізіп жібермеген дұрыс, негізінен күніне үш мезгіл тамақ ішіп, үш рет жеңіл тамақ ішу әдетін қалыптастыру керек. 

- Көмірсуларға негізделген диетаны тастау керек, ақуызды тұтынуды аздап көбейткен жөн. 

- Йогурт, ірімшік, жұмыртқа, балық, тауық еті, майсыз қызыл ет көбірек тұтыну маңызды. 

- Дайын, өңделген, оралған және мұздатылған тағамдар орнына таза және табиғи тағамдарға баса назар аудару керек. 

- Бұршақ, ноқат, жасымық, дәнді дақылдар, көкөністер мен жемістер сияқты тағамдарға негізделген диетаны ерекше атап өту керек. 

- Жеңіл тағам ретінде печенье, гриссини, вафель, шоколад, кондитерлік өнімдер және кәмпиттер орнына жаңғақ, шикі бадам, шикі орман жаңғағы, туралған көкөніс тілімдері немесе майы аз йогурт сияқты тағамдарды таңдаған жөн. 

Тұрақты жаттығулар жасау керек, бірақ тамақтанар алдында аш қарынға қарқынды және ауыр жаттығулар жасаудан аулақ болғаныңыз дұрыс.



Ұқсас жаңалықтар