Іш қатуды емдеу

«Денсаулық зор байлық» - 38

1829053
Іш қатуды емдеу
Kabızlık.jpg

Бүгінгі бағдарламамызда Іш қатуды емдеудің табиғи жолдары туралы шешімдерді тілге тиек етеміз. 

Алдымен; 

  • Кептірілген жемістерді тұтыныңыз. 
  • Зәйтүн, зәйтүн майы және тимьянды тағамдарға қосыңыз. 
  • Кофеинді шамадан тыс тұтынбаңыз. 
  • Сүт пен сүт өнімдерін көбірек тұтынбау керек. 
  • Су мен сұйық тағамдарды жиі тұтыныңыз. 
  • Көбірек қимыл-әрекет жасау керек. 
  • Көбінесе талшықты көкөністер, жемістер, бұршақ және дәнді дақылдардан тұратын диета жасаңыз. 
  • Тістеген тамақты жақсылап шайнағаннан кейін жұту керек. 
  • Дәретхана қажеттілігін кешіктіруге болмайды. 
  • Іш қатуға себеп туғызатын тағамдардың нелер екенін үйреніп, олардан бас тартыңыз. 
  • Іш қатуға пайдалы шөптерге жалбыз шайы, аскөк шайы, итмұрын шайы, зімбір шайы, алма шайы, қалақай шайы, эхинацея және синамаки жатады.
  • Іш қатуға пайдалы алмұрт, өрік, алхоры сияқты жемістерді тұтынуды арттыру маңызды. Іш қатуды жеңілдету үшін жылы шөп шайларын да ұсынуға болады.

Баладағы іш қату: Не істеу керек? 

Баладағы іш қату мәселесін баланың қарыны мен арқасын уқалау арқылы жоюға болады. Іш қатумен ауырған балалар үшін қантты тағамдар тұтынып,  жеміс пюресімен тамақтандыруға және олардың сорпаларына зәйтүн майын қосуға болады. 

Балалар тез қозғалған жандар болғандықтан дұрыс тамақтанған жағдайда, іш қатуды жеңе алады. Кептірілген жемістер және осы жемістерден дайындалған тағамдарды тұтыну керек. 

Балаларға газдалған сусындар, кофе және қою шай сияқты сусындарды ішкізбеу керек. 

Жүктілік кезінде іш қатуға не себеп болады, қалай емдеу керек? 

- Жүктілік кезіндегі гормондардағы және денедегі өзгерістер іш қатуды тудыруы мүмкін.

- Жүкті әйелдерге дұрыс тамақтану және күніне кемінде 45 минут жүру ұсынылады.

- Жүктілік кезінде іш қатуды жеңілдету үшін аз және жиі тамақтану әдісін таңдауға болады.

- Қызыл және кептірілген өрік қосылған дәнді тағамдар іш қатудың шешімі болуы мүмкін. 

- Іш қатудың алдын алу үшін күніне кемінде 2 литр су ішіңіз.

- Үйде жасалған шырын, салқын шай немесе лимонадтарды тұтыныңыз. Сұйықтықты қабылдау туралы сөйлескенде, газдалған немесе кофеинді сусындардан аулақ болыңыз. 

Іш қатуды емдеудің табиғи құралдары: 

Өрік

Әсіресе аш қарынға өрік тұтынсаңыз, ішектеріңіз тез жұмыс істеп, дәрет шығару оңайырақ болады. Ең жылдам нәтижені алу үшін таңертең аш қарынға оянғанда бір стақан таза сығылған өрік шырынын ішуге болады. 

Таңғы ас алдында жейтін 4-5 дана кептірілген өрік ас қорытуды жылдамдатады. 

Қара өрік

Жыл мезгіліне байланысты жасыл немесе қызыл қара өрік тұтыныңыз, кептірілген қара өрікті жеуге де болады болады. 

Банан 

Таңғы асыңызды бірнеше күн бойы бананмен бастасаңыз, іш қату айтарлықтай азаяды және жақсарады. 

Сұлы 

Сұлыны жылы сумен жұмсарту арқылы тұтыну ас қорытуға пайдалырақ болады. 

Аскөк шайы 

Күн сайын кешкі астан кейін немесе түскі уақытта стаканмен ішуге тырысыңыз. 

Ақ қырыққабат 

Қысқа мерзімде шешім табу үшін қырыққабат жапырақтарын қайнатып, шырынын ішуге болады. Дәл сол сияқты қырыққабат орамдарын әрі дәмді, әрі жеуге оңай болуы тұрғысынан таңдауға болады. 

Інжір 

Тіске басар немесе таңғы ас ретінде жейтін 4-5 дана кептірілген інжір ішектегі ас қорыту мәселесін жояды және дәретханаға шығуыңызға көмектеседі. Жаңа піскен інжірді де жеуге болады. 

Зәйтүн майы 

Ең жылдам және тиімді түрде нәтиже алу үшін бір қасық зәйтүн майын тікелей ішуіңізге болады. Егер ішкенде қиналатын болсаңыз, зәйтүн майын тамақтарға қосып пайдалануыңызға болады. 

Алмұрт 

Алмұртты әсіресе қабығымен бірге жеу ұсынылады. 

Пияз 

Пиязды зәйтүн майымен пісіріп, кешкі ас ретінде тұтынуға болады. Шикі түрде тұтыну аздап қиын болатындықтан, оны қайнатып немесе үстіне лимон сығу арқылы жеуіңізге болады. 

Лимон йогурты 

Йогурт ыдысына бірнеше тамшы лимонды сығып, іш қату кезінде осы йогуртты тұтыныңыз. 

Кофе сүті 

Түрік кофесі қосылған ыстық сүтті ішу арқылы асқазанның қозғалысын және ас қорыту жүйесінің жұмысын жандандыруға болады. 

Пробиотикалық йогурттарды іш қатуды емдеуде пайдалануға болады.

Қазір сіздерге іш қатқан кезде қолданылатын сироп рецептін береміз. 

Құрамы: 1/2 кесе кептірілген өрік, 1 лимон шырыны, 100 мл су.

 

Дайындалуы:  

Кептірілген өріктер мен лимон шырынын блендерге салып, араластыра бастаңыз. Шамамен 2 минуттан кейін су қосып, біртекті болғанша араластыруды жалғастырыңыз. Дайындалған қоспаны шыны ыдысқа құйып, тұтынады, қалған қоспаны тоңазытқышта сақтау мүмкін.

Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар