D дәруменінің табиғи көздері

«Денсаулық зор байлық» - 41

1863891
D дәруменінің табиғи көздері

D дәрумені деген не? 

D дәрумені адам денсаулығы үшін өте маңызды. D дәрумені организмде шектеулі мөлшерде өндіріліп, сақталады. Күннің ультракүлгін B сәулесі ең күшті D дәрумені көзі болып табылады. Жеткіліксіз ультракүлгін сәулені алмау және оның теріге тиюіне жол бермеу D дәрумені синтезін жеткіліксіз болуын тудырады.

D дәрумені майда еритін витаминдердің бірі. Сақтағаннан кейін денеде 3-4 ай бойы қалуы мүмкін. 

D дәруменінің қандай қызметтері бар? 

D дәрумені денеде бірнеше рөл атқарады. 

• Сау сүйектер мен тістер, 

• Иммундық, ми және жүйке жүйесі денсаулығын қолдау, 

• Инсулин деңгейін реттеу және қант диабетін басқаруды қамтамасыз ету, 

• Өкпенің функциясын жүрек-қан тамыр жүйесінің денсаулығын қолдау, 

• Қатерлі ісік дамуында рөл атқаратын гендермен ықпалдасады. 

Д дәруменінің жетіспеушілігі балалардағы рахит сияқты сүйек деформациясын және ересектерде сүйек пен бұлшықет әлсіздігін тудыруы мүмкін. 

D дәрумені кемшілігі қалай көрінеді? 

D дәрумені кемшілігінің белгілері депрессия, сүйек ауруы, жиі вирустық инфекциялар, жиі суық тию және шаршау сияқты көрінуі мүмкін. 

D дәруменінің артық болуының белгілері болса D дәруменін шамадан тыс қабылдауда дене салмағының еріксіз және тез төмендеуі, шаршау, орын мен уақытты қабылдаудың бұзылуы, құсу немесе іш қату сияқты мәселелер ретінде пайда болуы мүмкін. 

D дәруменін қабылдаудың жолдары қандай? 

D дәруменінің көздеріне күн, белгілі тағамдар және D дәруменінің қоспалары жатады. 

Күн сәулесі D дәруменінің ең маңызды табиғи көзі болып табылады. Лайықты бұрыш пен уақыт және күн мен теріміз байланысқанда теріміздегі бір элементтен екінші бір элемент өндіріледі. Бұл өндірілген зат алдымен бауырға, содан кейін бүйрекке өтіп, оның белсенді түрі D3 дәруменіне айналады. 

D дәрумені қандай тағамдарда болады? 

Д дәрумені тұрғысынан бай тағамдар: 

1. Майға бай балықтар:

Лосось, сардина, майшабақ, қылыш балық, тунец, скумбрия сияқты майға бай балықтар. Лосось – D дәруменінің тамаша көзі. Орташа алғанда, оның 100 граммдық порциясында 526 IU D дәрумені бар. Консервіленген тунец сақтау және тасымалдау ыңғайлылығы тұрғысынан жиі таңдалады. 

2. Жұмыртқаның сарысы, 

Жұмыртқаның ақ бөлігі ақуызға бай болса, сарысында D дәрумені жеткілікті. 

3. Апельсин шырыны, 

4. Балық майы, 

5. Сүт және сүт өнімдері: сиырдың сүті, йогурт және сары май, 

6. Құрамында D дәрумені бар жемістер мен көкөністер, 

Д витаминінің өсімдік көздері өте шектеулі. Олардың ішінде брокколиде, картоп пен сәбізде, жемістерде, алма мен банандарда, бадамда, жасымық және тұтас дәнді нанда D дәруменінің табуға болады. 

7. Сиыр бауыры, 

8. Тауық еті, 

9. Қызыл ет, 

10. Табиғатта күн сәулесі түсетін саңырауқұлақтар. 

Саңырауқұлақтар D дәрумені бар тағамдардың жақсы көзі болып табылады, өйткені олар адамдар сияқты D витаминін күн арқылы синтездей алады. Жалғыз айырмашылық саңырауқұлақтар D2 витаминін шығарады, ал адамдар D3 витаминін шығарады. 

Саңырауқұлақтар дәл адамдар сияқты D деруменін күн арқылы синтездей алатындықтан D дәрумені бар тағамдар арасында жақсы бір көз болып табылады. Жалғыз айырмашылық саңырауқұлақтар D2 дәруменін шығарғанда, адамдар D3 дәруменін өндіреді. Адам ағзасында D дәруменінен қажетті пайданы алу үшін D3 дәрумені қажет. Сондықтан саңырауқұлақтардан алынған D2 дәруменінің ықпалы D3 дәрумені сияқты емес.

D дәрумені жетіспеушілігінде болғандай D дәрумені артықшылығы да бірқатар мазасыздықтар тудыруы мүмкін. 

D дәрумені шамадан тыс қабылданса, қанда кальций жиналады. Бүйрек тастары, жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі D дәруменін тым көп қабылдау нәтижесінде пайда болатын аурулар. 

Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар