Емтихандағы стреске қарсы шөптен жасалған емдік ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 45

1850174
Емтихандағы стреске қарсы шөптен жасалған емдік ұсыныстар

Бұл бағдарламамызда емтихандағы стреске қарсы шөптен жасалған емдік ұсыныстар туралы айтып береміз.   

Емтихан кезінде жіберілген ең үлкен қателіктердің бірі – кофе мен қышқыл сусындарды көп тұтыну арқылы жүрек соғысы, мазасыздану, ұйқысыздық, қорқу мен үрей тудыруы. Бұл сусындардың орнына С витамині құрамы жоғары итмұрын, түймедақ, шалфей, көкжидек сияқты шөп шайларын тұтыну керек. Бұл стресті азайту тұрғысынан пайдалы. Сондай-ақ ол зейінді ұзақ уақытқа шоғырлауға көмектеседі.  

Емтихан кезінде кептірілген жемістерді (кептірілген өрік, қара өрік, мейіз, кептірілген інжір және т.б.) қолданған дұрыс.

Емтихан қарсаңында таңертең және емтихан кезінде тамақтану үшін ұсыныстар:

•   Стресті азайту үшін жеміс тұтыныңыз. Диетасында жеміс болмаса, күніне 3 дана жаңа піскен жемісті қосуға болады. Жемістердегі антиоксиданттар стресті азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ құрамындағы С дәруменінің арқасында иммундық жүйені күшейтеді.

•   Емтиханнан бір күн бұрын бұрыннан жеп үйреніспеген тағамды бірінші рет тұтынуға болмайды.  

• Мүмкіндігінше сыртта тамақтанбаңыз, бұрын үйде жеген, өзіңізге ұнайтын және майы аз, пісірілген тағамдарды таңдаңыз.

•  Емтиханға бір күн қалғанда күркетауық немесе тауық етін тұтынудан бас тартыңыз. Өйткені тауықтың құрамындағылар ұйқы сезімін беруі мүмкін.

•  Қандағы қантты реттеп, табыс деңгейін арттыру үшін тәтті, шоколад, дайын жеміс шырыны сияқты тағамдардың орнына қандағы қантты баяу арттыратын жеміс-жидек, ұннан жасалған нан, сүт және өнімдері сияқты тағамдарды таңдағаныңыз жөн.

•  Бір күн бұрын өте майлы, ауыр тағамдардың орнына ақуыз, көмірсулар, майы теңдестірілген жеңіл тағамдарын тұтыныңыз.

• Таңертең оянған кезде қандағы қантты тез көтермейтін немесе төмендетпейтін теңгерімді таңғы ас ішіңіз. Әрқашан күннің ең маңызды тамағы болып табылатын таңғы ас емтихан күні таңертеңгі уақытта да үлкен маңызға ие. Жұмыртқа, бірнеше тілім тұтас дәнді нан, кебек нан, зәйтүн, ірімшік, талқан-бекмез, қызанақ, қияр, бұрыш-ақжелкен, сұлы жармасы, кептірілген дақылдар, кептірілген жемістер, орман жаңғағы-бадам сияқты майлы дәндер, сүт немесе жеміс шырынынан тұратын тағамдар таңдалып дайындалған таңғы ас емтиханның сәтті өтуінде маңызды рөл ойнайды.

• Емтихан алдында қантты тағамдарды тұтынбаңыз. Қандағы қанттың төмендеуіне жол бермеу үшін ұсақ дәнді сэндвичтер, кебек печеньелер, сүт және су сияқты тағамдарды таңдаңыз.

• Психикалық өнімділікті жақсартатын балыққа бай диетаны қолдану керек. Аптасына кем дегенде 2 күн балық жеу керек. Балық зейіннің шоғырлануын арттырады. Пісірілген балық апта бойынша кешкі аста тұтынылса, бұл зейінді арттыруға көмектеседі. Құрамындағы омега 3 арқасында ол ми функцияларын жақсартады. Күнделікті витаминге деген қажеттілікте балыққа қосымша С дәрумені бар жасыл салат жесе болады.

• Зейінді арттыратын, ми мен ойлау қабілетін арттыратын темірге бай диетаны қолдану керек. Темір миды коректендіреді, миға сигналдарды жылдам жеткізеді. Жұмыртқа, қызыл ет, қозының бауыры, бекмез сияқты тағамдардан бұл қажеттіліктерді қамтамасыз етсе болады. Темірдің тез сіңуі үшін оны С дәруменімен бірге қабылдау пайдалы.

• В дәрумені стресс пен мидың шаршауының алдын алады. В дәруменін нан, бұршақ, жарма сияқты тағамдардан алуға болады.

•  Өсімдік майлар мен майлы тұқымдардан Е витаминін алуға болады.

• Бақыт гормонын бөлетін, тыныштықты қамтамасыз ететін тағамдарды тұтыныңыз. Сүт, ананас, йогурт сияқты.

•   Емтихан кезінде шөлді тудыратын майлы және тұзды тағамдардан бас тарту керек. Суды тұтынумен қатар жаңа сығылған жеміс шырынын тұтынудың әрі су қажеттілігін қамтамасыз ететін, әрі зейін шоғырлануын арттыратынын ұмытпаған жөн.

• Іш қату шағымы болмаса емтихан тапсыратын кісіге күн сайын 1 банан жегізіңіз. Әрі бақыт гормонының секрециясын қоздырады, әрі калийдің бай көзі болып табылады. Сондықтан концентрацияның бұзылуының алдын алады.

•  Жақсылап ұйықтау үшін:

500 мл ыстық суда 1 пакет түймедақ + 1 пакет мелисса + 1 пакет даршын қалампыр шайын араластырыңыз. Ұйықтар алдында 1-2 сағат бұрын емтихан тапсыратын үміткерімізге 1 кесе ішкізіңіз. Бұл шай қоспасы жайлы ұйқыны қамтамасыз етеді және стресс факторын минимумға дейін азайтады.

Дайындаған: Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар