Салмақты бақылауда қолданылатын шөптер

«Денсаулық зор байлық» - 48

1857824
Салмақты бақылауда қолданылатын шөптер

«Денсаулық зор байлық» - 48

Шөптер мен шөптерден жасалатын шайлар арқылы метаболизміңізді жылдамдату арқылы сіз салмақ жоғалту процесін жеңілдете аласыз. Сонымен қатар розмарин майы, күнжіт майы және лимон қабығы майын майланған жерлерге массаж түрінде жағуға болады. 

1) Көк шай 

Өте күшті бір антиоксидант болып табылады. Көк шайды үнемі тұтыну организмнен токсиндерді кетіреді. Сондықтан ісінуді кетіріп денедегі май кетеру үшін орын дайындайды. 

     Шай қоспасының рецепті

• 4 шай қасық көк шай, 

• 4 шай қасық Мате (yerba-maté) жапырағы, 

• 2 шай қасық тимьян, 

• 2 шай қасық қалақай жапырағы, 

• 1 литр су. 

2) Даршын 

Сондай-ақ қандағы қантты реттей отырып, метаболизмді қозғайды. Тәбетіңізді басады және тоқтық сезімін тудырады. 

  • Ұнтақ ретінде сүт немесе йогуртпен таңдай аласыз. Осылайша ішектеріңізді де қозғайды. 
  • Егер сіз оны ұнтақ түрінде демделген шайға тастаңыз, ол шайға жағымды хош иіс береді. 
  • Даршын қабығын таза ауыз суымен бірге ішуге болады. Оны лимон, жалбыз, ақжелкен және даршынмен аздыратын шөп қоспалары арқылы тұтынуға боласыз. 

3) Ақжелкен 

Ақжелкен - күшті бір антиоксидант. Ісіну мәселесін жояды және салмақты жою үшін қолайлы. 

Оны ыстық суға қайнатып, шай түрінде ішуге де болады. 

Ақжелкенді лимонмен емдеуге арналған рецепт: 

Таза ақжелкенді бір уыстай алып, бір стақан лимон шырыны және бір стақан сумен блендирден өткізіңіз. Толығымен езілгенше ұсақтап, ішіңіз. 

4) Мате жапырағы 

Тоқтап қалған метаболизмді қозғау арқылы салмақ жоғалту процесін бастайды. Сондай-ақ адамды тоқ қылады және одан азырақ аштық сезіндіреді. 

Материалдар: 

• 1 ас қасық кептірілген немесе ұнтақталған мате жапырақ 

• 200 миллиграмм су 

Дайындау: 

Алдымен 200 мл яғни 1 стакан суды қайнатыңыз. Бұл ыстық суға мате жапырақтарын қосыңыз. Жапырақтарды 7-8 минутқа демдейді. 

5) Розмарин 

Розмарин шайын ісіну мен салмақ жоғалту процесінде таңдауға болады. 1 шай қасық розмаринді ыстық суға қайнатыңыз және оны үнемі ішіңіз. 

6) Кресс шөбі 

Таңғы асыңызда бір-екі шымшым тұтыну арқылы пайдасына қол жеткізе аласыз. 

7) Қалақай 

Ісінуді қатты жояды және денені салмақтыжоғалтуға дайындайды.  

8) Зімбір 

Бұл диуретикалық және ісінуді кетіруге үлкен ыңғайлылық береді. 

• Ұнтақ ретінде шөп шайы түрінде ішуге болады. 

• Ауыз суыңызға қосып, лимонмен бірге бір тілім тұтынуға болады. 

9) Тимьян 

Салмақ жоғалту процесі алдымен ісінуден басталады. Содан кейін майды жағумен жалғасады. 

• Тимьянды салаттарға дәмдеуіш ретінде қосып, оның пайдасын көруге болады. 

• Ыстық сумен қайнатып, тимьян шайымен майыңызды жағуды тездете аласыз және артық салмақтарыңыздан құтыла аласыз. 

10) Майоран 

• Ауыз суға майоран мен лимон қосу арқылы майдан құтылу процесін тездетуге болады. 

• Оны ыстық сумен демдеп, шай ретінде ішуге болады. 

11) Жалбыз 

Шикі күйінде салаттарға, ауыз суына, йогурттарға қосып жеуге болады. Дәмдеуіш ретінде барлық тағамдарға қосуға болады. Жалбыз адамның ас қорыту жүйесін реттейді. 

12) Шие сабағы 

Шие сабағын кептіріп, шай ретінде демдеген кезде ішектерді қозғайды. Ішектер реттелген кезде арықтау кезеңі басталады. 

Кептірілген шие сабағын банкаларға салып, шай ретінде тұтынуға болады. 

13) Аскөк және қаракөк жапырақтары 

14) Қалампыр шайы 

Ыстық суға 2 дана қалампыр салып, біраз күтіңіз. Бөлек ыдысқа араластырылған қалампыр суына 1 шай қасық бал мен 1 ас қасық алма сірке суын қосыңыз. Жақсылап араластырғаннан кейін аузы жабық стаканда салқындатылады. Бұл қоспаны таңертең таңғы астан 1 сағат бұрын тұтынуға болады және 1 айдан аспау шартымен, күн сайын қайталауға болады. 

15) Даршын және зімбір шайы 

Материалдар 

1 таяқша даршын, 1 зімбір тамыры, 1 шай қасық қара бұрыш, 1 литр су, 6 дана кардамон, 2 қалампыр және 1 шай қасық бал. 

Қара бұрыш пен балдан басқа барлық материалдарды ыдысқа араластырып, 3 минут қайнатыңыз. Қайнаған қоспаға бал мен қара бұрыш қосыңыз. Күн сайын түстен кейін және кешке 3-4 стакан шай ішуге болады. 

16) Зімбір шайы, линден және шалфей 

17) Лимонграсс шайы 

2 шай қасық лимонграссты джезве-туркаға салып қайнатыңыз. 2-3 минут қақпағын жауып демдеуге қалдырыңыз. Кейін суығанша 5 минут шақты күтіп және дайын болған кезде ішіне 1 шай қасық жалбыз қосыңыз. 

18) Ақ шай 

Түскі ас кезінде 2 кесе ақ шай ішіп, майдың жиналуының алдын алуға болады.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар

 



Ұқсас жаңалықтар