Табандағы немесе қолдағы сүйелдер

«Денсаулық зор байлық» - 49

1860645
Табандағы немесе қолдағы сүйелдер

1. Жылы су 

Жылы суға батыру әдісі. Аяғыңыз немесе саусақтарыңызда сүйелдер болса, оларды 20 минутқа жылы суға салып қойыңыз. Содан кейін сол жерді ақырын ысқылау арқылы жуан теріні кетіруге болады. Бұл әдісті аптасына 2-3 мәрте қайталауға болады. 

2. Ақ сірке суы мен пияз емі 

Материалдар: 

• 1 стакан ақ сірке суы 

• 1 пияз 

• 1 шыны банка 

• Мақта 

• Созылу пленкасы 

Қолданылуы: 

Шыны ыдысқа турау арқылы пиязды қосып, үстіне ақ сірке суын құйыңыз. 

Қоспаның аузын жауып, 8 сағатқа қалдырыңыз. Шамамен 8 сағаттан кейін қоспаға үлкен мақтаны батырып, мақтаны табандағы сүйелге тигізіңіз. Алдымен осы мақтамен сүйелдің айналасын сүртіңіз, содан кейін мақтаны сүйелге орап, аяғыңызды немесе қолыңызды созып орап алыңыз. Бұл процедураны 10 күн бойы орындаңыз. 

3. Алма сірке суы 

Төрт ас қасық алма сірке суын 4 стакан суға қосып, араластырыңыз. Сүйел бар жерді осы қоспамен 20 минут бойы жібітіңіз. Содан кейін ысқылау арқылы сүйел бар жерді алып тастай аласыз. 

4. Сарымсақ пен зәйтүн майы 

Материалдар: 

• 3 түйір сарымсақ 

• 2 ас қасық зәйтүн майы 

• Созылу пленкасы 

• Мақта 

Қолданылуы: 

Сарымсақты бір ыдысқа жақсылап езіңіз. Ұсақталған сарымсақты зәйтүн майымен араластыруды ұмытпаңыз. Алдымен қоспамен сүйел бар қол немесе табанды тазалаңыз. Содан кейін бұл қоспаны сүйелдің үстіне дөп келетіндей ораңыз. 

Қаласаңыз тек пленкамен орап, 1 апта бойы қоспаны жағыңыз. 

5. Кастор майы (Үпілмәлік) 

5 ас қасық кастор майы мен 1 литр суды араластырыңыз. Бұл қоспаға сүйелді жерді батырыңыз. 

6. Қызанақ қабығы 

Материалдар: 

• Үлкен бір қызанақ 

• Таңғыш 

Қолданылуы: 

Аршылған қызанақ қабығымен сүйел бар жерді жауып, қолдарыңыз немесе аяқтарыңызды таңғышпен ораңыз. 

7. Эпсом тұзы (магний сульфаты) 

Жылы суы бар ыдысқа 2-3 қасық эпсом тұзын салыңыз. Бұл сумен малынған жерді жұмсартуға көмектеседі. 

8. Ананас қабығы 

Материалдар: 

• 1 кішкентай ананас 

• Созылу пленкасы 

Қолданылуы: 

Ананасты қабығынан бөліңіз. Қабықтың ішкі бөлігін, яғни сары жағын сүйел бар жерге тигізіңіз. Кем дегенде 7 күн орындаңыз. 

9. Шай ағашының майы 

Жылы сумен толтырылған ыдысқа 2-3 тамшы шай ағашы майын тамызыңыз. Теріңіз жұмсарғанша және сүйелдің көтерілгенін сезгенше, суда ұстаңыз. Шай ағашының майы өте күшті май болғандықтан, теріңізді осы суға көптеген де 15 минутқа қойыңыз. Содан кейін жылы сумен шайыңыз. 

10. Түймедақ суы 

Материалдар: 

• 1 литр су 

• Түймедақ шайы немесе кептірілген түймедақ 

Қолданылуы: 

Шамамен 1 литр суға кептірілген түймедақ немесе шайын қосыңыз. Суды сәл тұндырып, түймедақтардың ашылуын күтіңіз. 

Күн сайын сүйел бар жеріңізді түймедақ суына 30 минут салып қойыңыз. 

11. Банан қабығы 

Банан қабығын сүйелдің үстіне салыңыз. 

12. Інжір әдісі  

Жасыл, піспеген інжірдің шырыны қол мен аяқтағы сүйел үшін тиімді бір шешім әдісі. Емдеу үшін жасыл інжірді жұлып, шырынын сығып шығарыңыз. Күніне үш рет сүйел бар жерлерге жағыңыз. 

13. Лимон 

Жаңа піскен лимон шырынын сүйелге жағып, кебуін күтіңіз. Мұны күніне кемінде 3 рет жасаңыз. 

Немесе екі қалампырға бір ас қасық лимон шырыны құйып, шамамен 15 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін қалампырды алып тастап, лимон шырынын сүйелдің үстіне сүртіңіз. Ол кепкенше күтіп, қайтадан жағыңыз. Бұл әдісті күніне бірнеше рет қайталаңыз. 

14. Сарымсақ 

Сарымсақ түйірін сүйелге сүртіңіз. 

Немесе сарымсақтың екі түйірін ұсақтап, сірке суы қосыңыз. Кейін бұл қоспаны сүйел бар жерге жағыңыз. Үстіне мақта салып, ораңыз. Оны екі-үш сағатқа қалдырып, содан кейін алып тастаңыз. Сүйелдің үстін тазалаңыз. Күн сайын бірнеше апта бойы мұны қайталаңыз. 

15. Ас содасы және лимон 

Бір ыдысқа жылы су мен 2 ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Бұл ерітіндіде сүйелді 2 минут ұстаған соң ас содасын қосыңыз. Содан кейін тағы 5-10 минутқа сүйел бар жерді қалдырыңыз және жуан теріні сүртіп шығарыңыз. 

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар