Дауыстың қарлығуына қарсы табиғи шешім ұсыныстары

«Денсаулық зор байлық» - 51

1871473
Дауыстың қарлығуына қарсы табиғи шешім ұсыныстары

Бұл бағдарламамызда дауыстың қарлығуына қарсы табиғи емдер тілге тиек етеміз. 

Тұзды су 

Егер дауыстың қарлығуы тамақ ауруымен бірге байқалса, бұл жағдай тамақтың тітіркенуін көрсетуі мүмкін. Тамақтың ауыруы мен дауыстың қарлығуында жылы тұзды сумен шаю тиімді нәтиже береді. Ол үшін 1 стакан жылы суға жарты шай қасық тұз қосып, шаю үшін ерітінді дайындалады. Бұл ерітіндіден бір жұтым ішу арқылы тамақты шаю сіз жеңілдегенге дейін жасалады. 

Тұзды және ас содасы араласқан сумен шаюға да болады. Егер тамақ ауруы жеңіл қызарудан, яғни қарапайым тітіркенуден туындаса, тұзды және ас содалы сумен тамақты шаюды жалғастыруға болады. Бұл тиімді бір шешім. 

Сарымсақ 

Күніне 1-2 түйір сарымсақ жеу арқылы дауыстың қарлығуына қысқа уақытта шешім табуға болады. 

Эхинацея шайы 

Эхинацея шайы дауыстың қарлығуына да жақсы. Алайда эхинацея мықты бір өсімдік болғандықтан, күніне 1 немесе 2 кеседен көп ішу ұсынылмайды. 

Тыныс алатын ауаны ылғалдандырыңыз 

Құрғақ ауамен тыныс алу тамақты тітіркендіреді және дауыс сымдарының қабынуына ықпал етеді. Бұл әсіресе қыста жиі кездеседі. Ылғал сүлгілерді жылытқышқа ілу немесе бу машинасын пайдалану ауаны ылғалдандыруға көмектеседі. 

Ылғалды ауа қақырықты жеңілдетіп, тамақтағы тітіркенуді емдеуге көмектеседі. Жылы душ қабылдау тамақтың ылғалдануына ықпал ету арқылы дауыстың қарлығуына да жақсы әсер етеді. 

Зімбір тамыры 

Зімбір ларингиттен туындаған құрғақ жөтел мен дауыстың қарлығуын жеңілдету үшін де қолданылады. Зімбірді майдалап турағыштан өткізіп, ішетін шырындарға қосуға болады. Немесе қабығын аршып, кескеннен кейін оны ыстық суға қайнатып, зімбір шайы ретінде тұтынуға болады. Бал қосып ішуге болады. Зімбір шайын ішуге болады. 

Сондай-ақ зімбірді сорпалар мен тағамдармен араластыру арқылы тұтынуға болады. 

Даршын қабығынан жасалған шай 

Бір стакан қайнаған ыстық суға бірнеше даршын таяқшасын лақтырып, баяу отта 5-6 минут қайнатыңыз. Отты өшіріп, біраз уақыт қайнатыңыз. Сүзілгеннен кейін бір шай қасық бал қосып, жақсылап араластырыңыз және ішіңіз. Бұл емді бір апта бойы жалғастыруға болады. 

Тамаққа арналған таблеткаларды (Пастильдер) қолдану 

Пастильдер тамақты ылғалдандыруға, ауырсынуды жеңілдетуге және жөтелді азайтуға көмектеседі. Құрамында бал, лимон, жасыл шай немесе эхинацея бар пастильдер дауыстың қарлығуына жақсы. 

Бал

Бал тамақ ауруы мен дауыстың қарлығуына пайдалы. Күн сайын бір қасық бал жеуге болады және балмен араластырылған линден сияқты шөп шайларын ішуге болады. Осылайша сіз тамағыңызды ылғалды ұстай аласыз. Бір стақан жылы суға бал мен қара бұрыш салып ішу де пайдалы. 

Түймедақ шайы 

Тамақ ауырып дауыс қарлыққан жағдайда түймедақ шайы тамақты тыныштандырады. Бұл жөтелді азайтады және дауыстың қарлығуын жеңілдетуге көмектеседі. Сондай-ақ бал қосуға болады. 

Алма сірке суы 

Дауыстың қарлығуын азайту үшін бір стақан суға 1 ас қасық органикалық алма сірке суы мен 1 шай қасық бал қосып ішуге болады. Сондай-ақ алма сірке суымен шаюға болады. 

Кардамон

Тұмау, суық тию сияқты аурулардың салдарынан шықпай қалған дауысты ашу үшін кардамон тұқымын тұтыныңыз. 

Шалғам

Үлкен қызыл шомырды (шалғам) жаңғақ үлкендігінде ойыңыз. Қуысқа 1,5 шай қасық бал салып, оны 24 сағатқа қалдырыңыз. Содан кейін тәрелкенің түбінде ағып жатқан сұйықтықты үш сағат сайын аз-аздан ішіңіз. 

Балдыркөк

Балдыркөкті жақсылап қанатып, оны сүтпен араластырыңыз. 

Орамжапырақ

Орамжапырақтың бірнеше жапырағын суға қайнатыңыз. Қырыққабат шырынына аздап қант қосып, оны шербетке айналдырып, осылай тұтыныңыз. 

Лимон 

Жарты лимонды сығып, шырынын алыңыз. Лимон шырынын бір кесе ыстық сумен араластырып, бір шай қасық бал қосып, қоспаны ішіңіз. 

Дауыс сымдарды демалдыру 

Науқастардың не істеу керектігі сияқты не істемеу керектігі де маңызды. Тым көп және қатты сөйлеуден аулақ болу керек. Жұмысына байланысты сөйлеуге тура келетіндер микрофон мен динамиктер сияқты құрылғыларды пайдалану керек. 

1. Кешкі уақытта асқазанды шамадан тыс жүктемеңіз, қышқылды сусындардан аулақ болыңыз және биік жастықта ұйықтауды қадағалаңыз. 

2. Тамақты жақсылап шайнағаннан кейін жұтыңыз. 

3. Ащы және дәмдеуішті тағамдардан бас тартыңыз. 

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар

 



Ұқсас жаңалықтар