Балалардың иммундық жүйесін күшейту

«Денсаулық зор байлық» - 10

1902866
Балалардың иммундық жүйесін күшейту

Бүгінгі бағдарламамызда балалардың иммундық жүйесін күшейтуге арналған табиғи ұсыныстарды ұсынамыз. Табиғи тағамдарды жеткілікті тұтыну арқылы балаңыздың иммундық жүйесін күшейтіп, ауруларға төзімді ете аласыз.

1. Тұрақты диета  

Балалардың ауруларға қарсы иммундық жүйесін күшейту үшін дұрыс, теңгерімді және тұрақты тамақтануға назар аудару керек. 

2. Кефирді жемістермен тәттілендіріңіз  

Күніне 1 шай стакан табиғи кефир ішу иммундық жүйені күшейтеді. Балалар кәдімгі кефир дәмін ұнатпаған жағдайда, оның дәмін тартымды қылу үшін аздап жеміс пюресі қосуға болады. 

3. Лосось 

Омега 3 май қышқылдарына бай тағам болып табылатын және балалардың миының дамуына үлес қосатын лосось денені инфекцияларға қарсы қорғайды.  

4.Бекмес  

Бекмес иммунитетті күшейтіп, анемияны төмендететін тағамдар қатарына жатады. Бекмесді жеген кезде С дәрумені бар кивиді қосып жеуге болады. 

5. Киви  

С дәрумені басқа жемістермен салыстырғанда өте жоғары болған киви дененің қорғаныс жүйесінде рөл атқаратын антиоксиданттарға бай жеміс. 

6. Қолдың айраны  

Әсіресе пробиотиктерге бай тағамдарды тұтыну ауруларға қарсы маңызды қорғаушы болатындықтан балаларыңызға күніне бір тостаған қолдың айранын беруді ұмытпаңыз. Айранды тамақтармен бірге немесе жеңіл тағамдарға жемістерді турап тұтынуға болады. Балаңыздың сиыр сүтіне аллергиясы болса, ешкі сүтінен жасалған айранды таңдауға болады.  

7. Банан және айран  

Күн сайын 1 тостаған қолдың айраны мен 1 кішкентай бананды араластырыңыз немесе езіп балаңызға беріңіз. Ең маңызды пробиотикалық тағамның басында айран келеді. Пробиотикаға бай бананмен бірге тұтынылғанда одан күштірек әсер етеді. Жеңіл тағам ретінде диетаңызда орын алу керек. 

8. Зімбір және куркума қосылған айран 

Күн сайын 1 тостаған қолдың ашытылған айранына 1 шай қасық зімбір және 1 шай қасық куркума қосыңыз. Осылайша әрі айранды ұнатпайтын балаларға бірегей ақуыз көзін тартымды қылып, әрі иммундық жүйені күшейтетін 2 дәмдеуішпен балаңыздың қыс маусымын одан жайлы өткізуіне мүмкіндік жасай аласыз. 

9. Сарымсақ 

Сарымсақ бактерияға қарсы қасиетіне байланысты иммунитетті күшейтеді дененің шыдамын арттырады. Балаңыздың иммундық жүйесін күшейте отырып болашақта астма болу қаупін азайтады. Осы себепті барлық тағамдардың құрамында бұл сиқырлы ингредиент иммундық жүйеңіз болуы керек.  

Тағамға қосылатын сарымсақ мөлшерін арттыру аурудың қаупін азайтады. Сарымсақты тағамға қосқан кезде майға қуырып емес, тағамның суына қоссаңыз, оның құрамындағы антиоксиданттардан көбірек пайдалануға болады. Сондай-ақ сарымсақты шикі тағамға, салаттарға және йогуртқа қосу маңызды. 

10. Сұлы  

Құрамында талшықтары мол өте пайдалы тағам ретінде сұлыны сүтке араластырып, Е дәруменіне бай бадам және 1 порция банан қосып, блендерден өткізіп, таңғы асқа балаңызға жегізе аласыз. 

11. Брокколи  

С, А және Е дәрумендеріне бай брокколи толық антиоксиданттық қойма болып табылады. Сорпа дайындап жатқанда қосуыңызға болады. 

12. Жасымық  

Күз бен қыс маусымдарында мейлі тағамы болсын, мейлі сорпасы болсын аптасына екі рет тұтынған өте тиімді. Өсімдік ақуыз болғандықтан балалардың өсуі мен дамуына да көмектеседі. 

13. Жұмыртқа  

Жұмыртқа - ана сүтінен кейін ағзаға қажетті ақуыздың ең жақсы көзі. Сондай-ақ темірдің өте жақсы көзі болып табылатын жұмыртқа A, D, E және В12 дәрумендеріне бай. Қайнатып немесе омлет бәрібір, жұмыртқаны күн сайын тартымды түрде балаңызға жегізуге болады.  

14. Жаңғақтар  

Жаңғақтар – иммундық жүйені күшейтуге көмектесетін Е дәрумені, мырыш және омега 3 май қышқылына бай тағамдар. Иммундық жүйені күшейту үшін балалардың түскі ас қорабына шикі орман жаңғағы, жаңғақ, бадам және асқабақ дәндерін салып, бұл тағамдарды тұтынуды әдетке айналдыруға болады. Әсіресе таңертең таңғы асқа кесенің төрттен бір бөлігі мөлшерінде жаңғақ беруге болады.  

15. Тұрақты ұйықтау  

Тұрақты ұйықтау, дұрыс және салауатты тамақтану, қолды сабынмен жиі жуу және белгілі бір уақыт аралығында сыныптағы ауаны желдету балалардың алдын ала иммундық жүйесін күшейтудің маңызды шаралар.  

16. Aра сүті + бал  

Ара сүтінің 3 жастан асқан балаларға таңғы ас алдында 1 шай қасықтан аспайтындай балмен араластырып беру иммундық жүйеге өте пайдалы. Алайда 3 жасқа толмаған, аллергиясы бар және астмамен ауыратын балаларда болса дәрігермен кеңескен жөн.  

17. Тимьян  

Тимьянды күн сайын шай түрінде ішу әрі иммундық жүйені күшейтеді, әрі бронхит сияқты ауруларды жеңуге көмектеседі. Басқаша айтқанда, тимьян - жөтелге қарсы және тұмауға қарсы табиғи шәрбат.  

1 стакан суға 2 шай қасық тимьян қосып, қайнатыңыз. Қайнау процесі аяқталып, тимьян шайыңызды пештен алған соң, күн сайын 1 шай қасық бал қосып, балаңызға ішкізіңіз.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар