Кәдімгі шайқурай өсімдігінің пайдалары

«Денсаулық зор байлық» - 11

1905434
Кәдімгі шайқурай өсімдігінің пайдалары

Бүгінгі бағдарламамызда кәдімгі шайқурай өсімдігінің пайдаларын тілге тиек етеміз. 

Кәдімгі шайқурай ауызекі тілде «иісті шөп» деп те аталады. Кәдімгі шайқурай гүлін жинап, өңдейді және зәйтүн майымен араластыру арқылы шайқурай майы алынады. Бұл май әсіресе терідегі жараларды тез емдеу үшін қолданылады. Қызыл кәдімгі шайқурай гүлінің майы да қызыл түсті болады.

Кәдімгі шайқурай майы қалай дайындалады? 

Кәдімгі шайқурай майын алудың ең кең таралған әдісі мынадай:

100 грамм таза немесе кептірілген кәдімгі шайқурай гүлін езіп, ішінде 250 грамм зәйтүн майы бар шыны ыдысқа қойыңыз. Бұл қоспаны 30 күн бойынша кейде шайқап күнге қалдырыңыз. 30 күннен кейін оны сүзіңіз. Таза кәдімгі шайқурай гүлі қолданғанда майдың түсі қызыл, ал кептірілген гүл қолданғанда, майдың түсі сары болады. Іс жүзінде екеуінің де қасиеттері бірдей.

Кәдімгі шайқурай шайын қалай жасауға болады? 

1 стакан ыстық суға шамамен 2,5 - 3 шай қасық кептірілген кәдімгі шайқурай қосыңыз, кейін 10 минут тұндырыңыз. Дәмін алған шайды сүзіп алған соң ішіңіз. Қолыңызда таза кәдімгі шайқурай болса, шайыңызды осы таза шөппен де дайындай аласыз.

Кәдімгі шайқурай шайын қайнатпай, тек ыстық суға салып дайындау керек. 

Кәдімгі шайқурай майының пайдасы

1.  Микробқа қарсы әсер етеді 

Бұл май бактерияларды жояды және олардың көбеюіне жол бермейді. Құрамында кәдімгі шайқурай майы бар жақпа күйіктерді емдеуде тиімді.

2.  Қабынудың емі болып қабылданады

Қабынуға қарсы тиімді, инфекциямен күреседі.

Кәдімгі шайқурай майы вирустарға, бактерияларға және саңырауқұлақтарға қарсы тиімді. Микоздар, ұшық және теріде пайда болған қабынудың емделуін қамтамасыз етеді. 

3.  Жараның жазылуын тездетеді 

Кәдімгі шайқурай майы жаралардың жазылуын тездетеді. Сонымен қатар бұл май тіннің өзін шамадан тыс қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған талшықты тіннің алдын алады. Кәдімгі шайқурай майы әртүрлі жараны емдеуде қолданылады. Терінің абразиялары бұлардың бірі. Күйіктерді де кәдімгі шайқурай майымен емдеуге болады. 

4. Ас қорытуды жеңілдетеді 

Асқазанның ойық жарасы мен ісіну проблемаларында кәдімгі шайқурай шайын гастрит, рефлюкс, іш қату және газдың құрысуы шағымдарына қолдануға болады. Кәдімгі шайқурай шайы асқазанның ішінде барьер жасап, асқазан қышқылының әсерін жеңілдетеді және ас қорытуды жеңілдетеді.

5. Депрессияны емдеуде көмекші 

Жеңіл және орташа деңгейдегі депрессия мен дүрбелең шабуылын емдеуде кәдімгі шайқурай шайының тиімді екендігі клиникалық зерттеулерде анықталды.

Үнемі дәрі-дәрмек қолданған адамдар пайдаланбай тұрғанда психиатрмен ақылдасқаны жөн.

6. Менопауза шағымдарын азайтады

Әйелдердің ең қиын кезеңдерінің бірі болып табылатын менопауза кезінде кәдімгі шайқурай шайы шағымдарды азайтуға көмектеседі. 

7. Кәдімгі шайқурай майының теріге пайдасы 

Терінің құрғауында және әсіресе өте жиі кездесетін аяқтың каллусы мен өкше жарықтары үшін кәдімгі шайқурай майын теріге жақсылап уқалай отырып жағу пайдалы. 

8. Терінің сапасын арттырады

Кәдімгі шайқурай майын қолдану табиғи майларымен теріні ылғалдандырғанын көрсетті. Қартаюға қарсы әсері бар. Тұрақты қолдану арқылы теріні қатайтады және майда әжімдердің пайда болуын азайтады. Терінің серпімділігін арттырады. Терінің түсін біркелкі етеді. 

9. Шаштың түсуіне жол бермейді 

Құрамында бай компоненттері бар кәдімді шайқурай майы шаш пен шаш фолликулаларын қоректендіргендіктен шаштың түсуінің алдын алады. Шашты күшейтеді және қалыңдатады. Бас терісіндегі қабыршақтануға, қайызғаққа және экземаға қарсы қолдануға болады.

10. Кәдімгі шайқурай шайын пайдалану кофеин, алкоголь және темекі сияқты тәуелділіктерді емдеуге қолдау береді. 

11. Кәдімгі шайқурай шайы менструальды ауырсыну үшін ұсынылады. Сонымен қатар кәдімгі шайқурай шайы етеккір кетіргіш қасиетімен де қолданылады. Кәдімгі шайқурайды етеккір ауруы кезінде шай ретінде таңертең және кешке аш немесе тоқ қарынға тұтынуға болады. 

12. Кәдімгі шайқурай шайы түңгі ұйқыңызды реттеуге көмектеседі. Ұйқысы бұзылған адамның түнде ұйықтар алдында кәдімгі шайқурай шайын тұтынуы ұсынылады.

Кәдімгі шайқурай майын теріге қалай қолдануға болады? 

Кәдімгі шайқурай майы жараларды емдеу, тері инфекциясы, экзема сияқты басқа да тері аурулары үшін теріге жағу арқылы қолданылады. Оны үнемі қолдану әрі ауруларды емдеу, әрі алдын алуда маңызды. 

Кәдімгі шайқурай майын аптасына бір немесе екі рет шаш күтімі үшін қолдануға болады. Шашты жуудан кем дегенде 30 минут бұрын жағып, бас терісін бірнеше минут бойынша жұмсақ уқалаңыз. Содан кейін шаш жуылып, майсыздандыру керек. 

Кәдімгі шайқурай майының жанама әсерлері бар ма? 

Күн сәулесінің кері әсерінен абай болу ұсынылады. Өйткені кәдімгі шайқурай майын басқа теріге қолдану, әсіресе сезімтал терісі бар адамдарда Күннің күйігі болу ықтималын арттырады. Күн сәулесі түсетін ашық алаңдар теріні қоюлатуы мүмкін. Теріге жаққан соң сол жерге Күннің сәулесі түспеу керек. 

Кәдімгі шайқурай майын қолданғанда шаншу, қышу, жазылмаған жаралар, тері  реакциялары сияқты әдеттен тыс белгілер пайда болса, қолдануды тоқтатып, дәрігерге барған жөн. 

Кәдімгі шайқурай шайын шамадан тыс мөлшерде қолданбаңыз және күніне 1 немесе 2 кеседен артық тұтынбаңыз. Кәдімгі шайқурай майын да өте көп қолдануға болмайды. 

Кәдімгі шайқурай майы кімдер үшін ыңғайсыз? 

Жүрек-тамыр аурулары барларға, жүкті әйелдерге, енді босанған әйелдерге, бала емізетіндер және бүйрек үсті безінің ісіктері бар адамдарға кәдімгі шайқурай майын қолдану ұсынылмайды. 

Жаңа химиотерапия қабылдаған және орган трансплантаты болған адамдар кәдімгі шайқурайды пайдаланбау керек.

Кәдімгі шайқурай шайы кейбір дәрілермен ықпалдасуы мүмкін болғандықтан абай болу ұсынылады. Бұл препараттар кейбір антибиотиктер, жүрек-тамыр жүйесіне арналған дәрі-дәрмек және жүйке жүйесі препараттары болып табылады. 

Кәдімгі шайқурайды осы препараттармен бірге қолдануға болмайды. 

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар 



Ұқсас жаңалықтар