Жөтелдің алдын алатын шөп шайлар

«Денсаулық зор байлық» - 13

1911582
Жөтелдің алдын алатын шөп шайлар

Бүгінгі бағдарламамызда жөтелдің алдын алатын шөп шайларын тілге тиек етеміз.

Таза немесе кептірілген айва жапырақтары

Кептірілген айва жапырақтарын 10-15 минут, ал таза айва жапырақтарын болса 3-5 минут қайнатып, күніне 2-3 кесе ішуге болады. Егер емдік мақсатта ішетін болсаңыз, қант қоспаңыз. 

Алма шайы

Кәстрөлге алма қабығын, жөке және 2 стакан суды құйып, қайнатыңыз. Содан кейін қоспаға даршын таяқшасын салып, жарты лимонды сығыңыз. Қоспаны салқындағанша ішіңіз.

Итмұрын шайы

Итмұрын мен бір стақан суды қайнатыңыз. Ұнтақталған зімбірді қосып, ыстық күйде тұтыныңыз.

Эхинацея шайы

Эхинацея өсімдігі негізінен суық тию және тұмау сияқты аурулардың алдын алу үшін ұсынылады. Қайнатып, 1 шай қасық бал қосып, күніне 2 кесеге дейін ішуге болады.

Айва, бал және жөке

Бұл қоспадан алынған шай жөтелге қарсы ең керемет қоспалардың бірі болып табылады. Айва, бал және жөкеден тұратын шай тамақты жұмсартады және ем береді. Күніне 2-3 кесеге дейін тұтынуға болады.

Бал мен тимьян шайы

Екі кофе қасығына майдалап туралған таза тимьянның үстіне бір стақан қайнаған суды құйыңыз, 5 минут тұндырып, сүзген соң балмен тәттілендіріп, ішіңіз.

Зімбір, бал және қалампыр

1 ас қасық бал, 1 шай қасық ұнтақталған зімбір және 1 шай қасық қалампыр қосып араластырып, ем ретінде ішуге болады. Қаласаңыз, бұл қоспаға лимон қосып, күніне 1-2 шай қасықтан ішуге болады.

Зімбір және даршын шайы

Таза зімбірдің 3 алқасы, 8 таяқша даршын, 8 дана қалампыр, 1 лимон, 1,5 литр су, 1 қасық бал. Балдан басқа ингредиенттерді суға қойып қайнатыңыз. Кейін бұл қоспаға бал қосып, тұтынуға болады.

Ұнтақталған қара бұрыш пен бал

Ұнтақталған қара бұрыштың жемісін жөтелге қарсы қайнатып, тамақты шаюға болады. Сондай-ақ қара бұрыш дәндерін жылы суға қайнатып, 1 шай қасық бал қосып ішуге болады. Алайда рефлюкс, гастрит және ойық жара сияқты ас қорыту жүйеңіз бұзылғанда, бұл шайды шектеулі мөлшерде тұтыну керек. Денсаулығында проблемалары жоқ адамдардың күніне 2-3 шай қасыққа дейін тұтынуына болады.

Көк шай және кардамон

Көк шайды ауыз шайғыш ретінде қолдануға болады. Сіз кардамон қосылған көк шайды күніне 2-3 кесеге дейін тұтына аласыз. Бірақ гипертония немесе тахикардия проблемаларыңыз болса, күніне 2 кеседен аспаңыз.

Айва шайы

1 шай қасық сынбаған айва тұқымын 1 стакан суға 5-10 минут тұндырғаннан кейін ішіңіз. Шөп шайлары әдетте жұмсақ әсер ететіндіктен, оны тамақтан 30 минут бұрын немесе 1-2 сағаттан кейін аш қарынға ішу шайдың оң әсерін арттырады.

Қызылмия тамыры, дәрілік шытыра, зімбір

1 стакан қайнаған суға 1 шай қасық ұнтақталған қызылмия тамыры, 1 шай қасық дәрілік шытыра және 1 шай қасық ұнтақ зімбір қосып, 3-5 минут тұндырыңыз. Бұл шайды күніне 2-3 кесе ішуге болады.

Жөке шайы

Жөтелге қарсы жөке шайын күніне 2-3 кесе ішуге болады. Ем үшін қолданылатын жөке шайға қант қосуға болмайды.

Шалфей

Шалфей тамақты тыныштандырады және ауырсынуды басады. Шөп шайы ретінде тұтынылатын шалфейді ауыз шаю үшін де қолдануға болады.

Шөп қоспалар мен шөп шайлар туралы кеңестер

Шөп шайлардың кейбірлерін демдеп ішуге болса, кейбіреулерін қайнатып ішу керек. Бұл екі әдіс бір-бірінен өте ерекшеленеді.

• Өсімдіктердің ағаш, қабық, тамыр сияқты бөліктерін орташа уақытпен 30 минут қайната отырып дайындау керек.

• Өсімдіктердің жапырақтары, гүлдері сияқты бөліктерін тұндыру арқылы дайындау керек және қайнату уақыты шамамен 5-20 минут болуы керек.

• Әрбір өсімдіктің шайы болмайды. Өсімдік компоненттері ыстық суға төзімді болуы керек.

• Егер шөп шайлар емдік мақсатта қолданылса, қант қоспау керек. Қант шайдағы белсенді ингредиенттермен әрекеттесе алады. Балды болса 40 градустан төмен температурада қосу керек.

• Шөптік шайлар әсер ету үшін оларды аш қарынға ішу керек, тамақтан 30 минут бұрын немесе 1-2 сағаттан кейін ішу керек.

• Шайды дайындау сатысында таза суды пайдаланыңыз. Керісінше судағы минералдар өзгерген сайын шайдың сапасына болымсыз әсер етеді.

• Ұшпа компоненттері бар шайлар үшін қақпағы бар шыныаяқтарды пайдаланыңыз. Өсімдік бөліктері шай жасау үшін ұсақталғанда, оттегімен байланысып, өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Жабық шыныаяқтарда сақтаңыз.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар 



Ұқсас жаңалықтар