Кивидің пайдалары

Денсаулық зор байлық - 19

1929848
Кивидің пайдалары

Антиоксидантқа бай киви С дәрумені, талшын және қажетті қоректі құндылықтарды қамтиды. Құрамында 92,7 мг С дәрумені бар. Қосымша ретінде кальций, темір, магний, фосфор және калий табылады.

  • Демікпе науқастарына көмектеседі.

С дәрумені мен антиоксиданттар тұрғысынан өте бай киви демікпе науқастарында болатын тыныс алу қиыншылықтары симптомдарының азаюына көмектеседі. Кивидің демікпеге қарсы жағымды әсерін балаларда  да байқауға болады.

  • Асқазанға пайдалы

Рефлюкс,  жара және гастрит қалыптасуына кедергі болады. Киви әсіресе сілтілік негізде болғандықтан асқазанның саулығын сақтау үшін де пайдалы.

  • Аффективті бұзылыстарда қолданылады

Кивинің құрамында «бақыттың гормоны» серотонин болады.  Сондықтан киви бақыт гормонының қалыптасуына себеп болып, күйзелістерге қарсы қорғайды.

  • Иммунитетті көтереді.

С дәруменінің ең маңызды әсерлерінің бірі – иммунитетті көтеру.

  • Қанды тазалау қасиеті бар
  • Ас қорытуға көмектеседі.

Кивидің ас қорытуға пайдасы еритін және ерімейтін талшықтарынан келеді. Еритін талшықтар ішектердің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті пайдалы бактериялардың шығуына көмектеседі. Ерімейтін талшықтары болса суды ұстайды және ас қорыту барысында кеңейіп, дефекацияны жеңілдетеді. Ас қорытуды тездетеді және ішек қозғалыстарының тәртіпке келуін қамдайды. Мол талшықты осы жемісті жүйелі түрде тұтыну іш қатудың алдын алады.

  • Жүрекке пайдалы

Жүрек денсаулығында антиоксиданттар, калий және талшықтар маңызды рол ойнайды.Калий қан тамырларының босаңсуына және қан қысымының теңгерімге келуіне көмектеседі. Калориясы төмен киви жақсы қасиеттегі холестеринді арттырады.

Қан сұйылтқыш қасиетімен жүрек-тамыр саулығы үшін өте маңызды.

  • Қатерлі ісік ауруына қарсы қорғайды

Талшықты құрылымы себебімен киви ішек ісігінен қорғануға үлес қосады.

  • Салмақ тастауға көмектеседі

100 грамы 61 калория болатын киви диетаға дос жеміс. Әсіресе талшықтары себебімен оны тағамыңызға қосуыңыз керек. Кивидің салмақ тастауға көмегі тиеді. Көп уақыт бойы сізге тоқ сезімін береді.

  • Теріге пайдалы

Киви - теріге дос жеміс.Теріде колагенді арттырып, терінің қартаю белгілерін азайтады. Терінің ылғалдылық балансын сақтайды.

  • Шашқа пайдалы

С және Е дәруменіне бай киви шаштың түсуіне қарсы қорғайды.Магний, калий және цинк болса қан ағымын жылдамдатып, шаштың тез өсуіне көмектеседі.

  • Көзге пайдалы

Кивидің құрамындағы элементтер көз ауруларының алдын алуға және көру қабілетінің жақсаруына көмектеседі.

  • Жүктілік кезінде өте маңызды

Құрамындағы фолий қышқылы жүкті әйелдерге өте пайдалы.

  • Сүйектің денсаулығы үшін пайдалы

Киви құрамындағы К дәрумені сүйек үшін пайдалы.К дәруменімен қоса кальций және фосфор сүйектерді нығайта түседі. Жас ұлғайған сайын остеоклаздан сақтану үшін киви жеу керек.

  • Ісінуге пайдалы

Киви ісініп, қабынған ауруларды сауықтыруда пайдалы. Буын ісінуінде маңызды.

  • Су қамдайды

90 пайызы судан тұратын осы жемістің дененің температурасын сақтауда,тері ауруларын емдеуде және ас қорытуда маңызды фактор екенін ұмытпау керек. Денсаулық жағынан осы жақсы әсерлердің денеге қамдалуы үшін күніне орташа 2 дана киви жеу жеткілікті.

Киви жегенде қандай тақырыптарға назар аудару керек?

  1. Аллергия: Кивиге аллергиясы бар адамдарда құсу, теріде қабыну, шаш түсуі, тіл, ауыз және ерінде қышыну, тыныс алу қиындап, беті ісіп, бас айналу болуы мүмкін.
  2. Құрамында калий бар дәрі қолданып жүрген болсаңыз киви құрамындағы калий артық болуы мүмкін.
  3. К дәруменіне бай кивидің тұтынылуы қан сұйылтқыш қолданатын жүрегі ауыратын науқастарға кеңес берілмейді.

Киви тұтынған кезде дәрігермен кеңескен жөн болар.



Ұқсас жаңалықтар