Балалардың иммунитетін көтеретін табиғи ұсыныстар

Денсаулық зор байлық - 20

1935679
Балалардың иммунитетін көтеретін табиғи ұсыныстар

Дені сау иммунитет жүйесі өзімізді жақсы сезінуді, жақсы көрінуімізді және энергиямызды жақсы қолдануымызды қамдайды.

·     Жүйелі тамақтану және ұйқы

Жүйелі ұйқы, жүйелі және дұрыс тамақтану, қолды жиі-жиі сабынмен жуып тұру және сыныптарды белгілі уақыттарда желдетіп отыру - балалардың иммунитетін көтеруде маңызды шаралар.

·     Мол су ішу

Балаларға көп су ішкізу керек.

·     Ақсерке балығы

Омега 3 майына бай, балалардың миының жетілуіне көмек беретін ақсерке балығы сонымен бірге инфекцияларға қарсы денсаулықты қорғайды. Балықтың өзі жеткілікті. Сонда да картоп және көкөністермен бірге пеште пісіріп беруге болады.

·     Киви

С дәрумені мол табылатын киви дененің қорғаныс жүйесінде қызмет атқаратын антиоксиданттарға да бай жеміс. Темірі жетіспейтін балаларға кивиге бекмез жағып беру керек. Бекмездегі темірдің дұрыс сіңуіне пайдасы болғандықтан балаларда иммунитетті екі есе арттырады. Себебі темірдің дұрыс сіңуі үшін С дәрумені керек.

·     Үйде ұйытылған йогурт

Балалар міндетті түрде күніне бір кесе үйде ұйытылған йогрут жеу керек. Йогуртты тамақпен бірге немесе тамақ арасында жеміспен бірге беруге болады. Баланың сиыр сүтіне аллергиясы болса, ешкі сүтінен де йогурт ұйытуға болады.

·     Сұлы

Сұлының құрамындағы бетаглукан мен цинк иммунитетті нығайтады. Талшынды болғандықтан өте пайдалы сұлыны сүтпен араластырып, Е дәруменіне бай қуырылмаған бадам және 1 банан қосып, беруге болады.

·     Брокколи

С, А және Е дәрумендеріне бай брокколи  - антиоксидант қоймасы. Өзін сол қалпында немесе сорпасын пісіріп беруге болады.

·     Жасымық

Күз және қыс айларында тамағын пісіріп,  сорпасын дайындап, аптасына екі мәрте жеу – өте пайдалы. Өсімдік протеині болғандықтан балалардың өсуіне пайдалы.

·     Жұмыртқа

Жұмыртқа - ана сүтінен кейінгі денеге ең керекті протеин көзі. Қайнатып, отметін пісіріп, тамаққа қосып тұтынуға болады.  Күн сайын бір жұмыртқа жегізу қажет.

·     Кептірілген жеміс

Иммунитетті нығайту үшін балалардың сөмкесіне,  қалтасына шикі жаңғақ, грек жаңғағы, қуырылмаған бадам және қуырылмаған қабақ дәнін салып қоюға болады.  Бұларды әрдайым жеуге үйрету керек. Әсіресе таңғы аста бір кесе кептірілген жеміс баланың күнделікті Е дәрумені мұқтаждығын қамдайды.

·     Ара сүті мен бал

Үш жасынан үлкен балаларға күнде таңғы астан бұрын бір қасық балмен араластырып беру иммунитет үшін пайдалы. Алайда үш жасынан кіші балаларға, аллергиясы бар, демікпесі бар балаларға беру үшін міндетті түрде дәрігермен кеңесу қажет.

·     Жебіршөп

Жебіршөпті күнде шай қылып ішу әрі иммунитет жүйесін нығайтады,  әрі бронхит секілді аурулардың еміне пайдалы. Бұл жөтелге қарсы табиғи сироп, тұмаудан да сақтайды.

Бір стакан суға екі шай қасықпен жебіршөпті араластырып, қайнатыңыз. Қайнағаннан кейін бір қасық бал араластырып,  күн сайын балаға ішкізіңіз.

·     Имбирь және куркума қосылған йогурт

Күн сайын бір кесе үйде ұйытылған йогрутқа бір шай қасық имбирь және бір шай қасық куркума араластырып берсеңіз, бала қыс маусымын ауырмай өткізеді.

·     Банан мен йогурт

Күніне бір  кесе үйде ұйытылған йогрут пен бір кіші бананды араластырып немесе езіп балаға беріңіз. Ішектегі пайдалы кейбір бактериялар зиянды микроорганизмдердің көбеюінің алдын алып, иммунитетті арттырады. Ең маңызды пробиотикалық тағам – йогурт. Ол бананмен бірге жегенде әсері арта түседі. Сондықтан балаға күнделікті түрде беріп тұру қажет.

·     Табиғи антибиотик – сарымсақ.

Жуа мен сарымсақ «табиғи антибиотиктер» ретінде маңызды. Сарымсақтың құрамындағы ықпалды материалдар арқасында антибактериалды және антивирустық қызмет атқарады. Баланың иммунитетін көтереді және алдағы уақытта демікпе рискін де азайтады.

Бірақ сарымсақты тамақ пен салаттарға шикі күйінде салуға кеңес беріледі. Майда қуырылған сарымсақтың әсері шикі сарымсақпен бірдей болмайды және иммунитет үшін пайдасы көп болмайды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар